
Ә.А.Кисабекова
Философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Кисабекова Әсемгүл Ағыбайқызының «6D072300 – Техникалық физика» мамандығы бойынша диссертациясының қорғауы
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Кисабекова Әсемгүл Ағыбайқызының «6D072300 – Техникалық физика» мамандығы бойынша «Спектроскопия активированных Bi3+ ионами ниобатов лантаноидов – перспективных материалов для белых светодиодов» тақырыбындағы диссертациялық жұмысының қорғауы өтеді.
Диссертация Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті және Тарту университеті Физика институтының Иондық кристалдар физикасы зертханасында (Тарту қ., Эстония) орындалды.
Қорғау: орыс тілінде.
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
- Кайнарбай А.Ж – ф.-м.ғ.к., техникалық физика кафедрасының доценті, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті (Нұр-Сұлтан қ., Қазақстан Республикасы).
- Шункеев К.Ш. – ф.-м.ғ.д., профессор, «Материалдардың радиациялық физикасы» ҒО директорі, К.Жубанов атындағы Ақтобе өңірлік университеті (Ақтобе қ., Қазақстан Республикасы).
- Шлимас Д.И. – философия докторы (PhD), «Ядролық физика, жаңа материалдар және технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті (Нұр-Сұлтан қ., Қазақстан Республикасы).
- Селиверстова Е.В. – философия докторы (PhD), «Физика және нанотехнология» кафедрасының доценті, Е.А.Букетов атындағы Қарағанды университеті (Қарағанды қ., Қазақстан Республикасы).
Ресми рецензенттер:
Ногай Адольф Сергеевич – ф.-м.ғ.д., С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» кафедрасының профессоры ("01.04.07 – Конденсирленген күй физикасы") (Нұр-Сұлтан қ., Қазақстан Республикасы);
Мясникова Людмила Николаевна – ф.-м.ғ.к., ассоц.профессор, Ғылым департаментінің директоры, К.Жубанов атындағы Ақтобе өнірлік университеті ("01.04.07 – Физика конденсированного состояния") (Ақтобе қ., Қазақстан Республикасы).
Ғылыми кеңесшілері:
Даулетбекова Алма Кабдиновна – физика-математика ғылымдарының кандидаты, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Техникалық физика кафедрасының профессорі, Нұр-Сұлтан қ., Қазақстан Республикасы;
Лущик Александр Чеславович - ф.-м.ғ.д., профессор, Тарту университетінің Иондық кристалдар физикасы зертханасының басшысы (Тарту қ., Эстония).
Қорғау 2021 жылы 26 тамызда, сағат 14.00-де Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «8D053 – Физикалық және химиялық ғылымдар» кадрларды даярлау бағытында («6D072300 – Техникалық физика», «8D05323 – Техникалық физика») мамандықтары бойынша Диссертациялық кеңесінде өтеді. Диссертациялық кеңес мәжілісі Microsoft Teams платформасында өткізіледі. Сілтеме: https://cutt.ly/yWrBlJa
Диссертациялық кеңестің шешімі
