
Р.К. Дауренбекова
Философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Дауренбекова Рахима Кадырбековнаның «6D072300 – Техникалық физика» мамандығы бойынша докторлық диссертация қорғауы
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Дауренбекова Рахима Кадырбековнаның «6D072300 – Техникалық физика» мамандығы бойынша «SiO2/Si негізіндегі тректі темплейттерде CdTe нанокристалдарын зерттеу» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.
Диссертация Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті және Ядролық физика институтының Астана филиалында орындалды.
Қорғау: орыс тілінде.
Диссертациялық кеңестің уақытша құрамының мүшелері:
Абдуллин Хабибулла Абдуллаевич – физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ КеАҚ «Ашық типті ұлттық нанотехнологиялық зертханасы» наноқұрылымды материалдарды синтездеу зертханасының меңгерушісі, Алматы қ., Қазақстан Республикасы;
Сергеев Даулет Максатұлы – физика-математика ғылымдарының кандидаты, екі мәрте Кеңес Одағының батыры Т.Ж. Бегельдинов атындағы Әуе қорғанысы күштерінің Әскери институтының ғылыми-зерттеу бөлімінің бастығы, Ақтөбе қ., Қазақстан Республикасы;
Қайнарбай Әсет Жұмабекұлы – физика-математика ғылымдарының кандидаты, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Техникалық физика» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, Нұр-Сұлтан қ., Қазақстан Республикасы;
Шлимас Дмитрий Игорьевич – философия докторы (PhD), Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Ядролық физика» кафедрасының аға-оқытушысы, Нұр-Сұлтан қ., Қазақстан Республикасы.
Рецензенттер:
Рягузов Александр Павлович – физика-математика ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті физика-техникалық факультетінің аға оқытушысы (мамандығы 01.04.07 – Конденсирленген күй физикасы), Алматы қ., Қазақстан Республикасы;
Жантурина Нургул Нигметовна - философия докторы (PhD), Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің жоғары оқу орнынан кейінгі білім орталығының директоры, қауымдастырылған профессор (мамандығы 6D071000 – Материалтану және жаңа материалдар технологиясы), Ақтөбе қ., Қазақстан Республикасы.
Ғылыми кеңесшілері:
Ақылбеков Әбдіраш Тасанұлы – физика-математика ғылымдарының докторы, Техникалық физика кафедрасының профессоры (мамандығы 01.04.07 – Конденсирленген күй физикасы), Нұр-Сұлтан қ., Қазақстан Республикасы;
Даулетбекова Алма Кабдиновна – физика-математика ғылымдарының докторы, Техникалық физика кафедрасының профессоры (мамандығы 01.04.07 – Конденсирленген күй физикасы), Нұр-Сұлтан қ., Қазақстан Республикасы;
Комаров Фадей Фадеевич – физика -математика ғылымдарының докторы, профессор, Беларусь мемлекеттік университетінің «А.Н. Севченко атындағы Қолданбалы физикалық мәселелер институты» ҒЗМ Элионика зертханасының меңгерушісі (мамандығы 01.04.07 – қатты денелер физикасы), Минск қ., Беларусь.
Қорғау 2021 жылы 8 қараша, сағат 14.00-де Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «8D053 – Физикалық және химиялық ғылымдар» кадрларды даярлау бағытында («6D072300 – Техникалық физика», «8D05323 – Техникалық физика») мамандығы бойынша Диссертациялық кеңесінде өтеді. Диссертациялық кеңес мәжілісі Microsoft Teams платформасында өткізіледі деп жоспарлануда. Сілтеме: https://clck.ru/XumoA
Ғалым хатшы: Салиходжа Ж.М. Тел.:+7707-854-42-64
e-mail: salikhodzha_zhm@enu.kz
Отаңдық ғылыми кеңесшінің пікірі
Зерттеулерді этикалық бағалау жөніндегі Комиссияның анықтамасы
Диссертациялық кеңестің шешімі
