
Б.Н. Юсупбекова
Философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Юсупбекова Багила Ниязовнаның «6D072300 – Техническая физика» мамандығы бойынша докторлық диссертациясын қорғауы
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Юсупбекова Багила Ниязовнаның «6D072300 – Техническая физика» мамандығы бойынша «Таза және белсендірілген сілтілік металл сульфаттарындағы радиациялық ақаулар» диссертациясын қорғауы өтеді.
Диссертация Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Техникалық физика» кафедрасында және Башқұрт мемелекеттік университетінде орындалды.
Қорғау: орыс тілінде.
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
– Кукетаев Темиргали Абилдаулы, физика-математика ғылымдарының докторы, «Физика және нанотехнологиялар» кафедрасының профессоры, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Қарағанды қ., Қазақстан Республикасы;
– Лисицын Виктор Михайлович, физика-математика ғылымдарының докторы, Жаңа өндірістік технологиялар инженерлік мектебі Томск политехникалық университетінің материалтану бөлімінің профессоры, Томск қ., Ресей Федерациясы;
– Карипбаев Жакып Тлеубаевич – философия докторы (PhD), «Техникалық физика» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті, Нұр-Сұлтан қ., Қазақстан Республикасы;
– Сүлеймен Райгул Нұрбекқызы – философия докторы (PhD), «Техникалық физика» кафедрасының доценті, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті, Нұр-Сұлтан қ., Қазақстан Республикасы.
Ресми рецензенттер:
– Полисадова Елена Федоровна – физика-математика ғылымдарының докторы, Жаңа өндірістік технологиялар инженерлік мектебі Томск политехникалық университетінің материалтану бөлімінің профессоры, Томск қ., Ресей Федерациясы;
– Мясникова Людмила Николаевна – физика-математика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Қ. Жұбанов атындағы өңірлік университеттің ғылым департаментінің директоры, Ақтөбе қ., Қазақстан Республикасы.
Ғылыми кеңесшілері:
– Нурахметов Турлыбек Нурахметович – физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, «Техникалық физика» кафедрасы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (мамандығы 01.04.07 – Қатты денелер физикасы) (Нұр-Сұлтан қ., Қазақстан Республикасы);
– Доломатов Михаил Юрьевич- химия ғылымдарының докторы, профессор, физика-техникалық институтының «Физикалық электроника және нанофизика» кафедрасының профессоры, Башқұрт мемлекеттік университеті (мамандығы 02.00.06 – Жоғары молекулалық қосылыстар) (Уфа қ., Ресей Федерациясы).
Қорғау 2022 жылы 10 наурызда, сағат 14.00-де Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «8D053 – Физикалық және химиялық ғылымдар» кадрларды даярлау бағытында «6D072300 – Техникалық физика» («8D05323 – Техникалық физика») мамандығы бойынша Диссертациялық кеңесінде өтеді. Диссертациялық кеңес мәжілісі Microsoft Teams платформасында өткізіледі. Сілтеме: https://clck.ru/aqwor.
Зерттеулерді этикалық бағалау жөніндегі комиссияның қорытындысы
Диссертациялық кеңестің шешімі
Б.Н. Юсупбекованың диссертациялық қорғауы https://www.youtube.com/watch?v=6RkvHAoViLM
