
К.Б. Жаңылысов
Философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Жаңылысов Келешек Бейбітұлының «6D072300 – Техникалық физика» мамандығы бойынша докторлық диссертациясын қорғауы
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Жаңылысов Келешек Бейбітұлының «6D072300 – Техникалық физика» мамандығы бойынша «Сілтілі-жер металл сульфаттарының радиациялық ақаулары және люминесценциясы» диссертациясын қорғауы өтеді. Диссертация Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде және Башқұрт мемлекеттік университетінде орындалды.
Қорғау: орыс тілінде.
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
Полисадова Елена Федоровна - физика-математика ғылымдарының докторы, Томск политехникалық университетінің Инженернерлік мектебінің материалтану және жаңа өндірістік технологиялар бөлімінің профессоры, Томск қ., Ресей Федерациясы;
Асылбаев Руслан Намысович, PhD, Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті Жаратылыстану жоғары мектебінің доценті, Павлодар қ., Қазақстан Республикасы;
Козловский Артем Леонидович – PhD, ҚР ЭМ Ядролық физика институты Астаналық филиалының Халықаралық ядролық физика, жаңа материалдар және технологилар кафедрасының қауымдастырылған профессоры, қатты дене лабораториясының меңгерушісі, Нұр-Сұлтан қ., Қазақстан Республикасы;
Альжанова Алия Ермековна – PhD, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Техникалық физика кафедрасының доцент м. а., Нұр-Сұлтан қ., Қазақстан Республикасы.
Ресми рецензенттер:
Яр-Мухамедова Гульмира Шарифовна - физика-математика ғылымдарының докторы, аль-Фараби атындағы Казақ ұлттық университетінің Қатты дене физикасы және бейсызық физика кафедрасының профессоры, Алматы қ., Қазақстан Республикасы.
Селиверстова Евгения Владимировна - PhD, Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің Молекулалық нанофотоника институтының аға ғылыми қызметкері, Қарағанды қ., Қазақстан Республикасы.
Ғылыми кеңесшілері:
Нұрахметов Тұрлыбек – физика-математика ғылымдарының докторы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Техникалық физика кафедрасының профессоры, Нұр-Сұлтан қ., Қазақстан Республикасы;
Бахтизин Рауф Загидович - физика-математика ғылымдарының докторы, Башқұрт мемлекеттік университеті Физика-техникалық институтының Физикалық электроника және нанофизика кафедрасының профессоры, Уфа қ., Ресей Федерациясы.
Қорғау 2022 жылы 27 мамырда, сағат 14.00-де Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «8D053 – Физикалық және химиялық ғылымдар» кадрларды даярлау бағытында «6D072300 – Техникалық физика» («8D05323 – Техникалық физика») мамандығы бойынша Диссертациялық кеңесінде өтеді. Диссертациялық кеңес мәжілісі Microsoft Teams платформасында өткізіледі. Сілтеме: https://clck.ru/gLvLx.
Зерттеулерді этикалық бағалау жөніндегі комиссияның қорытындысы
Диссертациялық кеңестің шешімі
К.Б. Жаңылысовтың диссертациялық қорғауы https://www.youtube.com/watch?v=87p0MZZyuPA
