
Касымова А.М.
Философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Касымова Айгерим Маликовнаның «6D090200-Туризм» мамандығы бойынша докторлық диссертациясының қорғауы
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Касымова Айгерим Маликовнаның «6D090200 – Туризм» мамандығы бойынша «Қазақстандағы туризм саласын дамытуға көлік инфрақұрылымының әсері» тақырыбындағы докторлық диссертациясы қорғалады.
Диссертация Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Туризм» кафедрасында орындалды.
Қорғау тілі – қазақ тілі.
Ресми рецензенттер:
- Садуов Аскар Жумагулович – экономика ғылымдарының докторы, Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті «Маркетинг» кафедрасының профессоры (Қарағанды қ., Қазақстан Республикасы);
- Абишов Нуржан Уринбасарович – философия докторы (PhD), Халықаралық туризм және меймандостық университеті «Туризм және қонақжайлық» кафедрасының меңгерушісі (Түркістан қ., Қазақстан Республикасы).
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
- Девадзе Анзор Хемидович - экономика ғылымдарының кандидаты, профессор, Шота Руставелли атындағы Батуми мемлекеттік университеті Туризм департаментінің жетекшісі (Батуми қ., Грузия);
- Абдиманапов Бахадурхан Шарипович - география ғылымдарының докторы, доцент, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Жаратылыстану және география институтындағы география, қоршаған орта және қызмет көрсету саласы білім беру бағдарламасы бойынша дайындық бағытының профессоры (Алматы қ., Қазақстан Республикасы);
- Ниязбаева Алия Турсыновна – философия докторы (PhD), Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Басқару институтының доценті (Нұр-Сұлтан қ., Қазақстан Республикасы).
Ғылыми кеңесшілері:
- Сыздыкбаева Бакыт Узакбаевна - экономика ғылымдарының докторы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Туризм» кафедрасының профессоры (Нұр-Сұлтан қ., Қазақстан Республикасы);
- Недим Юзбашыоглу - философия докторы (PhD), Акдениз университеті туризм факультетінің профессоры (Анталия қ., Түркия Республикасы).
Қорғау 2021 жылы 22 желтоқсан, сағат 16.00-де Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «8D111 - Қызмет көрсету саласы» кадрларды даярлау бағытындағы «6D090200 - Туризм» және «8D11105 - Туризм» мамандығы бойынша құрылған Диссертациялық кеңесінде өтеді.
Қорғау онлайн-режимде Microsoft Teams платформасында өткізіледі,
сілтемесі: https://clck.ru/Ye5Vv
E-mail: aitolkyn.t@mail.ru
Зерттеулерді этикалық бағалау жөніндегі комиссияның анықтамасы
Диссертациялық кеңестің шешімі
