
Л.М. Демесинова
Философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Демесинова Ляйля Муратовнаның «8D02314 – Әдебиеттану» мамандығы бойынша диссертациясының қорғауы
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Демесинова Ляйля Муратовнаның «8D02314 – Әдебиеттану» мамандығы бойынша «Тәуелсіздік кезеңіндегі проза жанрындағы этномәдени архетиптер (қазақ және ағылшын тілді әдебиетпен салыстыру)» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.
Диссертация Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қазақ әдебиеті кафедрасында орындалған.
Қорғау: қазақ тілінде.
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
- Дауренбекова Лаура Ноғайбекқызы – филология ғылымдарының кандидаты, А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты қазақ және орыс филологиясы кафедрасының доценті (Астана қ., ҚР);
- Қартаева Айжан Маратбекқызы – филология ғылымдарының докторы, профессор, С. Аманжолов атындағы ШҚУ, «Абайтану» ғылыми-зерттеу институтының директоры (Өскемен қ., ҚР);
- Пірәлі Гүлзия Жайлауқызы – филология ғылымдарының докторы, профессор, М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бас ғылыми қызметкері (Алматы қ., ҚР);
- Жүсіпов Нартай Қуандықұлы – филология ғылымдарының докторы, профессор, Торайғыров университеті филология кафедрасының меңгерушісі (Павлодар қ., ҚР);
- Ыйсаева Нурзина Токторбековна – филология ғылымдарының кандидаты, Қырғыз Республикасының Ш. Айтматов атындағы Ұлттық академия, Тіл мен әдебиет институты қырғыз әдебиеті бөлім басшысы (Бишкек қ., Қырғыз Республикасы).
Ресми рецензенттер:
- Сұлтанғалиева Рита Бекжанқызы – филология ғылымдарының кандидаты, М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті қазақ филологиясы кафедрасының қауымдастырылған профессоры (Орал қ., ҚР);
- Жарылғапов Жансая Жанғазыұлы – филология ғылымдарының докторы, Академик Е.А. Букетов атындағы Қарағанды университеті қазақ әдебиеті кафедрасының профессоры (Қарағанды қ., ҚР).
Ғылыми кеңесшілері:
- Оразбек Мақтагүл Социалқызы – филология ғылымдарының докторы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті қазақ әдебиеті кафедрасының профессоры (Астана қ., ҚР);
- Жемиле Қынажы – философия докторы (PhD), Анкара Хадж Байрам университетінің профессоры (Анкара қ., Түркия).
Диссертациялық кеңес отырысы 2023 жылы 20 мамырда сағат 11.00-де аралас форматта өтеді.
Мекен-жайы: Астана қаласы, Сәтпаев көшесі, 2, оқу-әкімшілік ғимараттың №302 аудиториясы.
Онлайн қосылу үшін сілтеме:
https://us06web.zoom.us/j/86380961885?pwd=bXlkRlE2YlVPT016MzZzTHN0dmhCQT09
Сайт мекен-жайы: www.enu.kz
Е-mail: tdybys@mail.ru
Зерттеулерді этикалық бағалау жөніндегі комиссияның қорытындысы
Диссертациялық кеңестің шешімі
Диссертациялық қорғаудың бейнежазбасы https://www.youtube.com/watch?v=jVdwfwC1Hl4
