
Баяхметов О.С.
Философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Баяхметов Олжас Сериковичің «6D060500 – Ядролық физика» мамандығы бойынша докторлық диссертация қорғауы
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Баяхметов Олжас Сериковичтің «6D060500 – Ядролық физика» мамандығы бойынша «Кейбір жеңіл ядролардың үш кластерлі модельдеріндегі қасиеттері» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.
Диссертация Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде орындалды.
Қорғау: орыс тілінде.
Диссертациялық кеңестің уақытша құрамының мүшелері:
Каликулов Оразалы Абилхасимович – философия докторы (PhD), әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Теориялық және ядролық физика» кафедрасының доценті м.а., Алматы қ., Қазақстан Республикасы;
Имамбеков Онласын – физика-математика ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Теориялық және ядролық физика» кафедрасының профессоры м.а., Алматы қ., Қазақстан Республикасы;
Темербаев Азамат Алиевич – философия докторы (PhD), Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Ядролық физика, жаңа материалдар және технологиялар» халықаралық кафедрасының доценті м.а., Нұр-Сұлтан қ., Қазақстан Республикасы;
Самарин Вячеслав Владимирович – физика-математика ғылымдарының докторы, доцент, Халықаралық үкіметаралық ұйымның ядролық зерттеулердің бірлескен институтының ядролық реакциялар зертханасының жетекші ғылыми қызметкері, Дубна қ., Мәскеу облысы, Ресей Федерациясы.
Рецензенттер:
Жаксыбекова Кулян Айтмагамбетовна – физика-математика ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Теориялық және ядролық физика» кафедрасының профессоры (мамандығы «01.04.16 – Атом ядросының физикасы және элементар бөлшектер»), Алматы қ., Қазақстан Республикасы;
Джансейтов Данияр Маралович – философия докторы (PhD), ЯФИ РМК бас директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары (мамандығы «6D060500 – Ядролық физика»), Алматы қ., Қазақстан Республикасы.
Ғылыми кеңесшілері:
Сахиев Саябек Куанышбекович – физика-математика ғылымдарының докторы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Ядролық физика, жаңа материалдар және технологиялар» халықаралық кафедрасының профессоры (мамандығы «01.04.02 – Теориялық физика»), Нұр-Сұлтан қ., Қазақстан Республикасы;
Померанцев Владимир Назарович – физика-математика ғылымдарының кандидаты, М.В. Ломоносов Мәскеу мемлекеттік университетінің Д.В. Скобельцын атындағы Ядролық физика ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері, Мәскеу қ., Ресей Федерациясы.
Қорғау 2022 жылы 11 қаңтар, сағат 14.00-де Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «8D053 – Физикалық және химиялық ғылымдар» кадрларды даярлау бағытында («6D060500 – Ядролық физика», «8D05305 – Ядролық физика») мамандығы бойынша Диссертациялық кеңесінде өтеді.
Елдегі төтенше жағдай мен байланыстың тұрақсыздығына орай Баяхметов Олжас Сериковичтің «6D060500 – Ядролық физика» мамандығы бойынша «Кейбір жеңіл ядролардың үш кластерлі модельдеріндегі қасиеттері» тақырыбында диссертациясын қорғау күні 2022 жылдың 27 қаңтарына, сағат 14.00-ге ауыстырылды.
Диссертациялық кеңес отырысы онлайн-оффлайн форматында жоспарланған.
Мекен-жайы: 010008, Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қ., Сәтпаев көшесі, 2, Оқу-әкімшілік (бас) ғимараты корпус, № 302 аудитория
Онлайн-трансляция Microsoft Teams платформасында өткізіледі деп жоспарлануда. Сілтеме: https://teams.microsoft.com/l/team/19%3ab1hEKFZxrh4cKOk7a5giv6hFYd2Fv1Twv992lQwTiIM1%40thread.tacv2/conversations?groupId=7149c062-a06a-4f99-82e1-0c2b9aa9b518&tenantId=5a2fd781-9261-485a-af2b-6171d0efab73
Ғалым хатшы: Кабышев А.М. Тел.: +7-702-156-52-10;
e-mail: assetenu@gmail.com
Отандық ғылыми кеңесшінің пікірі
Шетелдік ғылыми кеңесшінің пікірі
Зерттеулерді этикалық бағалау жөніндегі Комиссияның қорытындысы
Диссертациялық кеңестің шешімі
