
Нурлан Қ.
Философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Нурлан Қанаттың «6D060500 – Ядролық физика» мамандығы бойынша докторлық диссертациясының қорғауы
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Нурлан Қанаттың «6D060500 – Ядролық физика» мамандығы бойынша «Төменгі энергиялы мезондар физикасын электрон-позитрон аннигиляциясы және тау-лептонның ыдырау процесстері негізінде зерттеу» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.
Диссертация Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Ядролық физика, жаңа материалдар және технологиялар» халықаралық кафедрасында орындалды.
Қорғау: орыс тілінде.
Диссертациялық кеңестің уақытша құрамының мүшелері:
Узиков Юрий Николаевич – физика-математика ғылымдарының докторы, Халықаралық үкіметаралық ұйымның ядролық зерттеулердің бірлескен институтының ядролық мәселелер зертханасының жетекші ғылыми қызметкері, Дубна қ., Мәскеу облысы, Ресей Федерациясы.
Мадигожин Дмитрий Турыскалиевич – физика-математика ғылымдарының докторы, Халықаралық үкіметаралық ұйымның ядролық зерттеулердің бірлескен институтының жоғарғы энергия физикасы зертханасының адрондардың спиндік құрылымы және сирек процесстер бөлімінің №1 сирек процесстер секторының басшысы, Дубна қ., Мәскеу облысы, Ресей Федерациясы.
Гуськов Алексей Вячеславович – физика-математика ғылымдарының докторы, Халықаралық үкіметаралық ұйымның ядролық зерттеулердің бірлескен институтының ядролық мәселелер зертханасының соқтығысатын шоқтар ғылыми-тәжірибелік бөлімінің басшысы, Дубна қ., Мәскеу облысы, Ресей Федерациясы.
Махмутов Владимир Салимгереевич – физика-математика ғылымдарының докторы, академик С. Н. Вернов атындағы күн және ғарыштық сәулелер физикасы зертханасының меңгерушісі, П.Н. Лебедев атындағы физикалық институт РҒА, Мәскеу қ., Ресей Федерациясы.
Рецензенттер:
Джансейтов Данияр Маралович – философия докторы (PhD), ЯФИ РМК бас директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары (мамандығы: 6D060500 – Ядролық физика), Алматы қ., Қазақстан Республикасы;
Нурбакова Гулия Серикмухаметовна - ф.-м.ғ.к., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Университетінің теориялық және ядролық физика кафедрасының доцент м.а. (мамандығы: 01.04.02 – Теориялық физика), Алматы қ., Қазақстан Республикасы.
Ғылыми кеңесшілері:
Кадыржанов Кайрат Камалович – физика-математика ғылымдарының докторы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Ядролық физика, жаңа материалдар және технологиялар» халықаралық кафедрасының профессоры, Нұр-Сұлтан қ., Қазақстан Республикасы.
Волков Михаил Константинович – физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Біріккен ядролық зерттеулер институтының Н.Н. Боголюбов атындағы теориялық физика лабораториясының бас ғылыми қызметкері, Дубна қ., Мәскеу обл., Ресей Федерациясы.
Қорғау 2022 жылы 20 мамыр, сағат 16.00-де Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «8D053 – Физикалық және химиялық ғылымдар» кадрларды даярлау бағытында «6D060500 – Ядролық физика», «6D072300 – Техникалық физика» мамандықтары бойынша Диссертациялық кеңесінде өтеді.
Диссертациялық кеңес отырысы онлайн форматында Microsoft Teams платформасында жоспарланған. Сілтеме:
Ғалым хатшы: Кабышев А.М. Тел.: +7-702-156-52-10;
e-mail: assetenu@gmail.com
Зерттеулерді этикалық бағалау жөніндегі комиссияның қорытындысы
Диссертациялық кеңестің шешімі
Қ. Нурланның диссертациялық қорғауы https://www.youtube.com/watch?v=8otB2Ya5Z34
