
Т.М. Сембаев
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Сембаев Талгат Мухаметкановичтің «6D011100-Информатика» мамандығы бойынша «Оқу әрекетін бағалау және мониторинг жүргізу мақсатында толықтырылған шынайылық технологиясын қолдана отырып, бақылау-өлшеу материалдарын жобалау» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.
Диссертация Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Информатика» кафедрасында орындалған.
Қорғау: қазақ тілінде
Рецензенттер:
Бостанов Бектас Ганиевич – педагогика ғылымдарының кандидаты, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің «Информатика» кафедрасының қауымдастырылған профессор м.а.
Исабаева Даража Нагашыбаевна – педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор (доцент), Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Тестілеу орталығының бастығы.
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
Жумабекова Фатима Ниязбековна – п.ғ.к., доцент, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» кафедрасының профессор м.а.
Камалова Гульдина Большевиковна – п.ғ.д., қауымдастырылған профессор (доцент), Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, «Информатика және білімді ақпараттандыру» кафедрасының профессор м.а.
Алдабергенова Айгуль Оналбековна – п.ғ.к., қауымдастырылған профессор (доцент), І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, педагогикалық информатика бойынша білім беру бағдарламаларының қауымдастырылған профессоры (доцент).
Коккоз Махаббат Мейрамовна – п.ғ.к., Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті, «Ақпараттық технологиялар және қауіпсіздік» кафедрасының меңгерушісі.
Оспанова Адеми Бекжановна – ф-м.ғ.к., Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, «Ақпараттық қауіпсіздік» кафедрасының доценті м.а.
Ғылыми кеңесшілері:
Абильдинова Гульмира Маратовна – педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор (доцент), Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, «Информатика» кафедрасының профессор м.а.
Francesco De Natale – философия докторы (PhD), профессор, Тренто университеті, CNIT президенті (Тренто қ., Италия).
Қорғау 2023 жылы 27 қыркүйек, сағат 10.00-де Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жанындағы диссертациялық кеңесте өтеді.
Мекен-жайы: 010000, Астана қ., Қ. Сәтбаев көшесі, 2, Бас ғимарат, Мәжіліс залы (№302 ауд.).
Қорғау аралас режимде (онлайн және офлайн) Microsoft Teams платформасында өтеді. Қосылу сілтемесі https://clck.ru/34rPPx
Сайт адресі: www.enu.kz, e-mail: dissovetenuinf@gmail.com
Зерттеулерді этикалық бағалау жөніндегі комиссияның қорытындысы
Диссертациялық кеңестің шешімі
Диссертацияны қорғауының бейнежазбасы https://youtu.be/R8EHwy9TSiI?si=XlNSdz7-bmlJA3ya
