
Ғылыми кадрларды аттестаттау және постдокторантура бөлімі
Міндеттері:
1) Диссертациялық кеңестермен жұмыс бойынша:
- ҚР БҒМ Білім және ғылым сапасын қамтамасыз ету жөніндегі Комитетінің (ҚР БҒМ БҒССҚК) диссертациялық кеңестердің қызметіне және дәрежелер беру қағидаларына қатысты нормативтік-құқықтық актілерін сақтау;
- жаңадан құрылатын диссертациялық кеңестер бойынша құжаттаманы рәсімдеу, сондай-ақ, философия докторы (PhD) дәрежесін беру жөніндегі диссертациялық кеңестердің құрамын өзгерту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
- ізденушілердің аттестациялық істерін рәсімдеуде ғылыми хатшыларға әдістемелік көмек көрсету;
- диссертациялық кеңестің тиімді жұмысы үшін техникалық, ақпараттық қолдау көрсету, диссертациялық кеңестің қызметі туралы ақпараттың университет сайтына уақтылы орналастырылуын бақылау;
- әр күнтізбелік жылға диссертация қорғау жоспарын құру;
- дәреже беру туралы бұйрықты дайындау және дипломдарды уақтылы беруді ұйымдастыру;
- диссертациялық кеңестердің жетекшілеріне және басқа жоғары оқу орындарының ізденушілеріне (оның ішінде - шетел азаматтарына) Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-де диссертацияларды қорғау рәсімі бойынша білікті кеңес беру;
2) Постдокторантура бағдарламасын жүзеге асыру бойынша:
- постдокторантураға конкурс ұйымдастыру; постдокторантураға қабылдау қағидаларының сақталуын бақылау;
- постдокторантураға құжаттарды қабылдау, есептердің уақытылы тапсырылуын бақылау және оларды Ғылыми-техникалық кеңеске, Ғылыми кеңеске және басқаларға ұсыну.
2024 жылғы постдокторантура аясындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері
2022-2023 жылдардағы постдокторанттардың ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижелері туралы
