
Ақылбеков Әбдіраш Тасанұлы
Ақылбеков Әбдіраш Тасанұлы 1973 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының физика факультетіне түсіп, 1978 жылы үздік дипломымен бітіріп шықты
1978 – 1980 жж. – Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау педагогикалық институтының, физика кафедрасының оқытушысы, стажер-ізденушісі;
1980-1982 жж. – Кеңес Армиясы қатарында қызмет атқарды;
1982-1985 жж. – Эстония ғылым академиясының Физика институтының аспиранты;
1985 жылы физика-математика ғылымдарының кандидаты атағын алу үшін диссертация қорғады;
1985-1989 жж. – Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау педагогикалық институтының, физика кафедрасының аға оқытушысы, доценті;
1989-1995 жж. – Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің бас маманы;
1996-2004 жж. – Қазақ мемлекеттік қыздар институтында кафедра меңгерушісі, факультет деканы;
2004 жылы физика-математика ғылымдарының докторы атағын алу үшін диссертация қорғады;
2004 жылдың қыркүйек айынан бастап Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде директордың орынбасары, ғылыми-зерттеу секторының басшысы, оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор, жаратылыстану-техникалық факультетінің, ақпараттық технологиялар факультетінің, физика-техника факультетінің деканы, бүгінгі күні лаборатория жетекшісі.
Ә.Т. Ақылбековтің жетекшілігімен 16 оқушысы (PhD) философия докторы дәрежесін алды.
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ«Физикалық және химиялық ғылымдар» кадрларды даярлау бағыты бойынша 2019 жылдан бері диссертациялық кеңестің төрағасы.
Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының «Үздік оқытушысы» марапатының 3 дүркін жеңімпазы (2007, 2011, 2023жж.).
Жаратылыстану ғылымдары саласындағы үздік ғылыми зерттеуі үшін Қ.И.Сәтбаев атындағы сыйлықтың иегері (2020ж.).
«Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері (2025ж.)
Ә.Т.Ақылбеков 200-тан астам ғылыми мақалалардың авторы, онын iшiнде жоғарғы импафакторы бар 100 макаланын авторы. Қатты денелердің радиациялық физикасы ғылыми-зерттеу бағытында 8 монографиясы жарық көрді. Ондаған гранттық ғылыми жобалардың жетекшісі.
Ә.Т.Ақылбеков «Физика», «Вакуум техникасы негіздері», «Конденсирленген күй физикасы» атты оқулықтардың және бірқатар оқу құралдарының авторы.

