
Есім Ғарифолла
Философия ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі
1947 жылы 15 сәуірде Павлодар облысы, Аққулы ауданында туған.
Ғылыми жетістіктері:
900-ден астам ғылыми-зерттеу мақалалардың авторы. «Сана болмысы» кітабының 20 томы жарық көрді. Данышпан Шәкәрім (2008), Наука совести (2009), Метафизика человека (2012), Хакім Абай (2012), Sosyalizm (түрік тілінде) (2014), Агония социализма (2015), Hakim Abay (түрік тілінде) (2016), Ғұлама-наме (2019), Адам-зат (2024), Жар жағасы (2024), Тұлғалар-қаламгерлер (2013), Академик Ғарифолла есім (дәрістер) (2020), An Insider's Critique of the Kazakh Nation: Reflections on the Writings of Abai Kunanbai-uhli (2020), Әйгілі есімдер (2021).
14 PhD докторын дайынды.
Кәсіби тәжірибесі:
1. 1970-1972 жж. Оқытушы, аға оқытушы, Н.К.Крупская атындағы Семей педагогикалық институтының философия кафедрасы.
2. 1972-1973 жж. Ленин атындағы Мәскеу педагогикалық институтының стажер – ізденушісі.
3. 1974-1977 жж. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің Жоғарғы оқу орнынан кейінгі философия және экономика факультеті. Мамандығы - философия пәні мұғалімі.
4. 1977-1982 жж. Н.К.Крупская атындағы Семей педагогикалық институтының көркем-сурет факультетінің деканы.
5. 1982-1989 жж. Н.К.Крупская атындағы Семей педагогикалық институтының философия кафедрасының меңгерушісі.
6. 1989-1991жж. Қазақ КСР Ғылым академиясының Философия және құқық институты, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің кеңесшісі, Аға ғылыми қызметкері.
7. 1992-1998 жж. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің бейнелеу және қолданбалы өнер факультетінің деканы.
8. 1998-2001жж. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің философия және әдістемесі кафедрасының меңгерушісі.
9. 2001-2007 жж. Философия және саясаттану факультетінің әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің деканы.
10. 2007-2013 жж. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты.
11. 2013-2019 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің әлеуметтік ғылымдар факультеті, философия кафедасының меңгерушісі, профессор.
12. 2019 ж. бастап осы уақытқа дейін - Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Философия кафедасының профессоры.
Марапаттары:
- «Қазақ ССР оқу үздігі» (1984 ж.).
- «СССР оқу үздігі» (1988 ж.).
- Қазақстан журналистер одағының С.Садуақасов атындағы премия (бірінші премия) (1994 ж.).
- Абай қорының республикалық премиясы (бірінші премия) (1995 ж.).
- Халықаралық “KATEV” қорының Яссауи атындағы премиясы (бірінші премия) (2000 ж.).
- Ғылым беру саласындағы ерекше еңбегі үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» белгісімен марапатталды (№00178 куәлік, 2003 жылғы 4 наурыз).
- Мұхтар Әуезов атындағы Семей мемлекеттік университетінің «Құрметті профессоры» (2003 ж.).
- Семей мемлекеттік педагогикалық институтының «Құрметті профессоры» атағы берілді» (2004 жылы 23 қыркүйекте университеттің Ғылыми кеңесінің шешімімен, №1 хаттама);
- «Құрмет» ордені (2006 ж.).
- Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының «Құрметті азаматы» (2006 ж.).
- Ғылым беру саласындағы ерекше еңбегі үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» белгісімен марапатталды (№00076 куәлік, 2007 жылғы 14 мамыр).
- С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің «Құрметті профессоры» атағы берілді (2007 жылы 02 қарашада университеттің Ғылыми кеңесінің шешімімен, №2 хаттама);
- Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің «Құрметті профессоры» атағы берілді (2007 жылғы 04 сәуірде университеттің Ғылыми кеңесінің шешімімен, №8 хаттама);
- Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің «Құрметті профессоры» атағы берілді (2007 жылғы 21 желтоқсанда университеттің Ғылыми кеңесінің шешімімен, №3 хаттама);
- Лебяжі ауданының «Құрметті азаматы» атақтары берілді (2007 жылы 04 сәуірде университеттің Ғылыми кеңесінің шешімімен, №8 хаттама);
- Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтының «Құрметті профессоры» атағы берілді (2008 жылғы 9 қаңтарда университеттің Ғылыми кеңесінің №6 шешімі);
- Астананың 10 жылдығына арналған медальмен марапатталды (2008 жыл);
- «Қайнар» (Семей) университетінің «Құрметті профессоры» атағы берілді (2008 жылғы 03 қыркүйекте университеттің Ғылыми кеңесінің шешімі, №1 хаттама);
- Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің «Құрметті профессоры» атағы берілді (2008 жылғы 27 қарашада университеттің Ғылыми кеңесінің шешімімен, №3 хаттама, №8 куәлік);
- Семей мемлекеттік педагогикалық институтының «Сіңірген еңбегі үшін» медалімен марапатталды (2009 жылғы 01 қаңтарда университеттің Ғылыми кеңесінің шешімімен, №5 хаттама);
- Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің «Құрметті профессоры» атағы берілді (2009 жылғы 27 ақпанда университеттің Ғылыми кеңесінің шешімімен, №6 хаттама);
- Семей мемлекеттік педагогикалық институтының «Семей мемлекеттік педагогикалық институтына – 75 жыл» медалімен марапатталды (2009 жылғы 28 мамырда университеттің Ғылыми кеңесінің шешімімен, №10 хаттама);
- Ғылым беру саласындағы ерекше еңбегі үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» белгісімен марапатталды (№233 куәлік, 2009 жылғы 16 маусым).
- Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтының «Құрметті профессоры» атағы берілді (2010 жылғы 31 тамызда университеттің Ғылыми кеңесінің шешімімен, №1 хаттама. Куәлік ПА №37);
- Ғылым беру саласындағы ерекше еңбегі үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» белгісімен марапатталды (№23 куәлік, 2011 жылғы 15 сәуір).
- Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің «Құрметті профессоры» атағы берілді (2011 жылғы 26 сәуірде университеттің Ғылыми кеңесінің шешімімен, №038 хаттама);
- Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған медальмен марапатталды (2011 жыл);
- М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің «Құрметті профессоры» атағы берілді (2012 жылы 25 мамырда университеттің Ғылыми кеңесінің шешімімен, №10 хаттама);
- ТМД Парламентаралық Ассамблеялары Кеңесінің Құрмет грамотасы және күміс медалі (2012 жылғы наурыз)
- М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Профессоры» ғылыми атағы берілді (2012 жылғы 5 шілдеде университеттің Ғылыми кеңесінің шешімімен, №14 хаттама);
- Қазақстан Республикасы Астана қаласы суретшілер Одағының «Құрмет» мәртебелі төс белгісімен марапатталды (2012 жыл №24 куәлік);
- «Облыс алдында сіңірген еңбегі үшін» белгісімен наградталды (Павлодар облысы әкімінің 2012 жылғы 6 тамыздағы №163 өкімімен, №254 куәлік);
- Сұраншы Ақынбекұлының 200 жылдығына орай өткізілген шараларға белсене қатысқаны үшін «Сұраншы, Саурық батырлар» қоғамдық қорының Грамотасымен марапатталды (Алматы облысы Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылы, 2012 жылғы 30 шілде);
- Павлодар облысының «Құрметті азаматы» атағына ие болып, төс белгісімен наградталды (2012 жылғы 12 қарашада облыс мәслихаты V шақырылымының Х сессиясындағы (кезектен тыс) шешімімен, №21 куәлік);
- Павлодар облысы Лебяжі ауданының «Құрметті азаматы» атағына ие болды (2013 жыл);
- «Облыс алдында сіңірген еңбегі үшін» белгісімен марапатталды (Павлодар облысы әкімінің 2013 жылғы 30 мамырдағы №95 өкімімен, №403 куәлік);
- Алматы облысы Жамбыл ауданының «Құрметті азаматы» атағына ие болды (наурыз 2013 жыл);
- Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының «Құрмет» грамотасымен марапатталды (тамыз 2013 жыл);
- Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті Ғылыми Кеңесінің 13.11.2014 ж. Шешімімен (хаттама №3) Құрметті профессор академиялық атағы берілді;
- «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 25 жыл» медалі, 2016 жыл;
- Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын барыс» төс белгісімен наградталды, 2017 жыл
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Атырау мұнай және газ институты Кеңесінің шешімімен №10 26 мамыр 2017 ж хаттамасы бойынша “Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер” кафедрасының Құрметті профессоры атағы берілді;
- Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ «Гумилев» төсбелгісімен марапатталды, 05 мамыр 2017 жыл;
- Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Қорқыт Ата атындағы Алтын медальмен» марапатталды, мамыр 2017 ж.
- Семей қаласының құрметті азаматы. 2018 жыл
- Тәуелсіздік күні қарсаңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолынан ІІ дәрежелі "Барыс" орденімен марапатталды. 12 желтоқсан, 2019 жыл.
- Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 20 тамыздағы Жарлығы бойынша «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерекелік медалімен наградталды.
- Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ «Құрметті кафедра меңгерушісі». 27 қазан 2020 жыл.
- 2020 жылғы Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлық. (ҚР Президентінің Жарлығы. 7 желтоқсан 2020 жыл №466)
- Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына белесене қатысқаны үшін TURKSOY Халықаралық түркі мәдениеті ұйымының Абай 175 медалімен марапатталды. 17 наурыз 2020 ж.
- Абай Құнанбайұлының 175, Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына атсалысқаны үшін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс хаты. 7 сәуір 2021 жыл.
- «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалі. №12474 (Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 2 желтоқсандағы Жарлығы бойынша)
- «Үздік ғылыми қызметкер – 2024». желтоқсан, 2024 жыл.

