
Қоғамдық тамақтандыруды ішкі бақылау бөлімінің мақсаты- университетте тамақтандыруды ұйымдастыру сапасына мониторинг жүргізеді және қоғамдық тамақтандыру жүйесі жұмысының тиімділігіне жауап береді.
Бөлім қызметінің негізгі бағыты-көрсетілетін қызметтердің сапа стандарттарының орындалуын бақылау, мәзірді талдау және жетілдіру, сондай-ақ білім алушылар мен қызметкерлер үшін теңгерімді және әртүрлі тамақтануды қамтамасыз ету. Бөлім асханалар мен буфеттердің жұмысын ұйымдастыруды бағалайды, мәзірлер ассортиментінің студенттер мен оқытушылардың қажеттіліктеріне сәйкестігін қадағалайды, дұрыс және ұтымды тамақтану принциптерін енгізуге ықпал етеді. Мердігер ұйымдармен өзара іс-қимылға, университетте сервис деңгейін арттыруға және тамақтану мәдениетін дамытуға бағытталған ұсыныстар мен пікірлерді қарауға ерекше назар аударылады.
Біздің мекен - жайымыз: Астана қ., Сәтбаев к-сі, 2 (оқу-әкімшілік корпус, 124 кабинет)
Байланыс телефоны: +7 701 100 4909, +7 701 9355452
