
Студенттік өмірИнфрақұрылым
Коворкинг орталықтары
Университет үшін ең басты міндет – студенттер мен оқытушылар және қызметкерлер үшін қолайлы жағдай жасау.
Осыған байланысты ЕҰУ-да шығармашылық ойлау мен шығармашылық дағдыларды дамыту үшін заманауи кеңістіктер ашылуда. Бүгінгі таңда ЖОО аумағында 8 коворкинг - алаң бар.
Жақында ЖОО басшылығының бастамасымен оқытушылар үшін «Ұстаз» көпфункционалды шығармашылық кеңістік ашылды. Коворкинг негізгі ғимараттың бірінші қабатында орналасқан және 110 орынға арналған. Орталықтың жалпы ауданы 544 шаршы метрді құрайды.
Жыл сайын коворкинг орталықтарының саны артып келеді. Әр корпуста ашық алаңдар құру жоспарлануда.
Айта кету керек, өткен жылы университетте студенттерге арналған 4 коворкинг - алаң ашылды.
