
University sports centre
Ауданы 7074 шаршы метр және бір ауысымда 216 адамға дейін сыйымдылығы бар жаңа спорт кешені волейбол, баскетбол, шағын футбол, гандбол, күрес сияқты спорт түрлері бойынша сабақтар өткізуге, сондай-ақ жарыстар мен арнайы спорт секцияларының жаттығу сабақтарын өткізуге арналған.
Кешен ғимараты төрт қабаттан тұрады, біріншісінде екі футбол, бір баскетбол және төрт волейбол алаңы, екіншісінде ерлер мен әйелдер киім ауыстыратын бөлмелер, үшіншісінде ерлер мен әйелдер жаттығу залы, бокс залы, шахмат ойнауға арналған спорт кабинеттері, сондай-ақ тоғызқұмалақ, асық ату сияқты ұлттық спорт түрлері орналасқан, төртінші - теннис және би залы. Жақын арада альпинизм алаңын ашу жоспарлануда.
Бүгінгі таңда ЕҰУ-да еліміздің түкпір-түкпірінен және шетелден 20 мың студент оқиды. Университет басшылығы білім алушыларға барлық жағдай жасау мәселесін тұрақты бақылауда ұстайды.
Соңғы сегіз жылда оқу-зертханалық корпус, старт-ап аймағы, 2 Студенттер үйі, оқытушылар құрамы мен қызметкерлерге арналған 2 тұрғын үй салынды.
