

Студенттік өмір қызықты және әртүрлі
Студенттердің өмірі - жастық шақтың дәурені. Университетте жастардың шығармашылық әлеуетін жетілдіріп, олардың бойындағы қабілетін дамыту үшін барлық жағдай жасалған.
Оқу үдерісінен тыс қоғамдық жұмыстардың іске асуын «STUD ART CENTER» жүзеге асырады (Астана қаласы, Қажымұқан көшесі, 11, 233 каб., @stud_art_center).
Егер сіз өзіңіздің сүйікті ісіңізбен айналысқыңыз келсе, біздің орталық сізді күтеді.
Орталық жыл сайын университетіміздің жаңа таланттарына кастинг ұйымдастырады, онда студенттер өз өнерлерін көрсетеді. Нәтижесінде таланттар таңдалған шығармашылық топтарға бөлінеді.
Орталықтың негізгі мақсаты – жеке тұлғаның шығармашылық, рухани мүмкіндіктерін дамытуға жағдай жасау, салауатты өмір салтына берік дағдыларды қалыптастыру және студенттердің азаматтық-құқықтық және адамгершілік мәдениетін тәрбиелеу. Халықаралық, республикалық және қалалық іс-шараларға қатысуға дайындық. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, музыкалық мұрасын насихаттау, өз елінің нағыз патриоттарын тәрбиелеу.
Жыл сайын университет қабырғасында әртүрлі қызықты көлемді мәдени іс-шаралар өтеді, солардың бірегейлері дәстүрге айналған: «BELES» студенттер қатарына қабылдау рәсімі, «Еуразия жұлдызы» үздік шығармашылық таланттарды марапаттау рәсімі, «Еуразия аруы» байқауы, «ENUVISION» ән байқауы, «iDANCE» би байқауы «Еуразия дауысы» ән байқауы, «ENUSHOW» факультетаралық байқауы және т.б.
«STUD ART CENTER» мүшелері халықаралық, республикалық және қалалық байқауларға қатысып жоғары бағаланған болатын, оларды атап кетсек:
- Халықаралық «ЖЕМЧУЖИНА ВОСТОКА» байқауы, Қытай;
- Халықаралық музыкалық «EUROPE ASIA ART» байқауы, Түркия, Анталия қаласы;
- Халықаралық «DUBAI GRAND FESTIVAL» байқауы, Дубай;
- Халықаралық «OPEN ASIA» байқауы, Ташкент қаласы;
- Халықаралық «SEA SUN FESTIVAL» байқауы, Испания;
- Халықаралық «OPEN ITALY» байқауы, Италия;
- Республикалық «ALMATY GRAND FESTIVAL» байқауы, Алматы қаласы;
- Республикалық «АДАМДЫҚ БОРЫШЫН» байқауы, Семей қаласы;
- Республикалық «ТАЛАНТЫ КАЗАХСТАНА» байқауы, Алматы қаласы.
«STUD ART CENTER» құрамына келесі ұжымдар кіреді:
- «E-STUDIO» әншілер тобы (@e_studio_enu жаңа әншілер топбын құру, олардың кәсіби шеберліктерін дамытуға қолдау көрсету);
- «SAMURYQ» би мектебі (@school_dance_samruk би ансамбльдерін құру, халық және заманауи билерді қою);
- «SHANYRAQ» театры (@shanyraq_enu театралдық пьеса қойылымдары, әртістік өнерді зерттеп, үйрену);
- «DALA SAZY» оркестрі (@dala_sazy_enu фольклорды, яғни халқымыздың музыкалық мұрасын дамыту, танымал және жаңа шығармаларды орындау);
- «EURASIA BAND» тобы (@band_eurasia вокалды-инструменталдық тобы).

Орталық басшысы
Астана қаласы, Қажымұқан к-сі, 11 (оқу-зерттеу ғимараты), 233 каб.

Бас маман
Астана қаласы, Қажымұқан к-сі, 11 (оқу-зерттеу ғимараты), 233 каб.

Аға маман
Астана қаласы, Қажымұқан к-сі 11 (оқу-зерттеу ғимараты), 233 каб.
