
Психологиялық қолдау орталығы университеттің барлық білім алушылары мен қызметкерлеріне, сондай-ақ білім беру үдерісінің қатысушыларына құпия түрде және тегін көмек көрсетеді.
Орталықтың негізгі қызметі – университетте қолайлы психологиялық орта қалыптастыру, студенттер мен оқытушылардың психикалық денсаулығын нығайту, студенттердің тұлғалық әлеуетін дамыту және күрделі өмірлік жағдайларда психологиялық қолдау көрсету.
Психологтар жеке және топтық кеңес берулер өткізеді, психикалық саулық туралы ақпарат ұсынады және ауыр эмоционалдық жағдайларда бағдар алуға көмектеседі. Сондай-ақ жеке және топтық диагностикалар, студенттік үйлер мен факультеттік топтарда тренингтер ұйымдастырады. Апта сайын студенттерге арналған өзекті тақырыптар бойынша ашық тренингтер өткізіледі: коммуникация, өзін-өзі реттеу, эмоционалды интеллект, кәсіби және тұлғалық өзін-өзі анықтау.
Психологпен кеңес әртүрлі форматта жүргізіледі: офлайн қабылдау, аудио немесе бейне байланыс арқылы онлайн-кеңес, сондай-ақ тәулік бойы жұмыс істейтін сенім телефоны арқылы.
Мекенжайы:
Астана қаласы, Абылайхан көшесі, 2, №2 Студенттер үйі, 102-кабинет
Сенім телефоны: +7 708 425 1341 немесе қалалық нөмір +7 7172 25 13 41.
Электрондық пошта: center.psyenu@gmail.com
Орталық дүйсенбіден жұмаға дейін, 9:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді.
Қосымша ақпаратты Instagram парақшасынан (enu_psy) және Telegram-арнасынан (t.me/enu_psycenter) таба аласыз.

Бас маман-психолог





