
Жастар орталығы – оқу ордамыздағы барлық іс-шараларға белсене атсалысып, елеулі үлес қосатын ең үздік әрі жетекші ұйымдарының бірі. Жастардың рухани мәдениетін, бойындағы белсенділігін, тұлға ретінде жан-жақты дамуына септігін тигізетін орта болып табылады. Бұл ұйымдағы белсенді студенттер үлкен өмірлік тәжірибе жинап қана қоймай, достар мен мүдделестер табу мүмкіндігіне ие болады.
Аталған ұйымның тарихы 2011 жылдың желтоқсан айынан бастау алады. Ең алғаш төрағасы – қазіргі кезде еліміздің Ақпараттық және қоғамдық даму министрі Асхат Оралов.
Биыл Жастар орталығына Журналистика және саясаттану факультетінің 3 курс студенті Киікбай Ерлан басшылық етіп келеді.
Жастар орталығы әртүрлі қызмет атқаратын 4 комитеттен құралған:
- Ұйымдастыру комитеті;
- Сыртқы істер комитеті;
- Мәдениет комитеті;
- Ақпарат комитеті.
Аталған комитеттер студенттердің өмірін түрлендіріп, көңіл көтеріп қана қоймай, патриоттық сезімін арттыратын, рухани мәдениетін дамытатын іс-шаралар ұйымдастырады. Дәстүрлі іс-шаралар қатарына ENU Students day, ENULand, қайырымдылық акциялары, басқа ұйымдармен бірлесе отырып өткізілетін ENUshow және тағы да басқа іс-шаралар кіреді. Сонымен қатар семестрді немесе жылды қорытындылау үшін 13 факультеттің арасынан семестрдің немесе жылдың ең үздік факультетінің жастар орталығы анықталып, өзін жақсы қырларынан танытқан белсенді студенттерді марапаттау рәсімі өтетін кеңейтілген жиналыстар да ең ауқымды дәстүрлі іс-шаралардың бірі болып табылады.
Ұйым құрамында ерекше орын алатын Клубтар қауымдастығы 60-тан астам клубты қамтиды. Оларды атап айтсақ: Жеті жарғы, Оратор, Парасат, Алқа әдеби ұйымы және т.б. клубтар қазіргі уақытта жұмыс істеп келеді.
Байланыс: Шакиржанов Темірлан Әлімжанұлы – Тарих факультетінің 3 курс студенті
+7 705 104 4860
Университетте студенттердің бос уақытын барынша тиімді пайдалану және жан-жақты дамуы үшін 85 клуб жұмыс істейді.
Жаратылыстану ғылымдар факультеті
- «Аквапоника» ғылыми клубы
- «Биология» ғылыми клубы
- «Эколог» ғылыми клубы
- «НеоГео» клубы
- «Спектр» ғылыми клубы
Көлік-энергетика факультеті
- «Колесо» ғылыми клубы
- «Ниет» қайырымдылық клубы
- «Теплофизические методы исследования» ғылыми клубы
- «Транспортный проектировщик» ғылыми клубы
- 5. «Юный энергетик» ғылыми клубы
Механика-математика факультеті
- «Kappa epsilon»
- «Алгоритм»
- «Спортклуб ММФ ЕНУ»
- «Mechanics»
Сәулет-құрылыс факультеті
- «Talking to the moon»
- «Зодчий»
- Клуб «Геоматик»
- «Строитель» ғылыми клуб
- «Art-Creative» ғылыми клуб
- «ТОРТ»
Филология факультеті
- «ALQA»
- «Абай әлеміне саяхат»
- «Лағыл»
- Парасат» дебат клубы
- «Students’ Club of Foreign Language»
- «Молодые ученые»
- 7. «Асыл мұра»
- 8. Практикалық есептерді шешуге арналған шет тілі клубы
- «21 ғасыр лингвисттері»
- «Жас аудармашылар»
- «Живое слово»
- «Жастар рухы»
- «Hanyu»
Экономика факультеті
- «Бәйтерек»
- «Жас аудитор»
- «Жас бухгалтер»
- 4. «Лидер»
- 5. «Мақсат»
- «Оратор» дебат клубы
- 7. «Фестина»
- 8. «Финансовый аналитик» ғылыми клубы
Әлеуметтік ғылымдар факультеті
- «Аквапоника» ғылыми клубы
- «Биология» ғылыми клубы
- «Эколог» ғылыми клубы
- «НеоГео» клуб
- «Спектр» ғылыми клубы
Заң факультеті
- International lawyers club ғылыми клубы
- Әділет HUB
- Әділет
- Жеті жарғы
Тарих факультеті
- «Тағылым» ғылыми клубы
- 2. «Жас археолог»
- «Атамұра»
- Сардар
Халықаралық қатынастар факультеті
- Араб тілі клубы
- Ариана
- Diplomatic Alliance
- Жапон тілі клубы
- Региональной аналитики
- Корей тілі клубы
- Күлтегін
- Қытай тілі
- Рухани жаңғыру клубы
- Испан тілі клубы
Ақпараттық технологиялар факультеті
- «Dream Hub Enu»
- «Genus»
- «IT club»
- «Enu Frame»
- «Шахматы & Алгоритмика»
Журналистика және саясаттану факультеті
- Көзқарас
- Симург
- Мұзбалақ
- Саясаттанушылар
- Pепортеr ball
- Maximum
- Топжарған
Физика-техника факультеті
- «Авангар» спорт клубы
- «Жаңа толқын» клубы
- «Қазына» кітап клубы
- «Мейірім» волонтер клубы
- «Шахмат» спорт клубы
14) Jastar департаменті:
- 1. Жастар орталығы
- «Qamqor» волонтерлар лигасы
Клуб жайлы, оған мүше болу туралы ақпаратты, өзге де сұрақтарды Студенттік бастамалар бөлімінен білуге болады (+7 708 425 1337)
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 2020 жыл – «Еріктілер жылы» деп жарияланды. Университетте еріктілер қозғалысы жақсы дамыған. Ерікті білім алушылар азаматтардың әлеуметтік мәселелеріне немқұрайлы қарамай, кез келген сәтте қол ұшын созуға тырысады. Ал, университет басшылығы еріктілердің еңбектерін елеп, бастамаларына қолдау көрсетеді.
Осыған орай «ENU Volunteers» жобасы бекітіліп, алты бағыт бойынша көптеген жұмыстар жүргізіліп келеді. Бағыттары:
- «Жақсы іс» бағыты;
- «Мәдени сұхбат» бағыты;
- «Қайырымды орта» бағыты;
- «Өрісті өнер» бағыты;
- «Таза елорда» бағыты;
- «Медиа алаң» бағыты.
Еріктілер жылы аясында осы бағыттағы шаралармен айналысатын «Қамқор» клубы құрылды.
Сондай-ақ факультеттерде келесі клубтар жұмыс істейді:
QAMQOR волонтерлар лигасы - Еуразия ұлттық университетінің ерікті студенттерінің басы қосылған ұйым. Ол 2019 жылы Көлік-энергетика факультетінің студенті Ерасыл Серікұлының бастауымен құрылған. Қазіргі уақытта ұйымдағы студенттер саны шамамен 150. Ұйымның ерекшеліктерінің бірі – факультетке бөлінбеу.
Негізгі мақсаты – жастарды волонтер болуға баулу, түрлі мәдени, спорт, әлеуметтік шараларда тәжірибе алуға септігін тигізу.
Сонымен қатар LVQ көпбалалы отбасыларға, жалғызбасты қарттарға көмек көрсетіп, балалар үйіне барып, қайырымдылықпен айналысады. Аталмыш қамқорлықтың жүзеге асатын дәстүрлі ауқымды шарасы – «25 игі іс» қайырымдылық декадасы. Бұл декада барысында волонтерлар қолынан келгенше қоршаған жандарға көмек көрсетеді, осыған мешітте мұқтаж жандарға киім апару, суық күндері сыртта жұмыс атқаратын жандарға ыстық бәліш тарату, жануарлар үйіне барып кішкентай достарымызды далаға серуендету және басқа бағыттар да кіреді.
LVQ студенттері 2022-2023 оқу жылында «Рим Папасының қасиетті мессасында», G-Global «Жасыл экономика коалициясының» ұйымдастыруымен, «Söz Astana Public Talk» ұйымдастыруымен өткен шараларда университетіміздің атынан волонтер болды.
Сонымен қатар волонтерлар университет қабырғасында өтетін шараларға да белсенді түрде атсалысады.
2023-2024 ж.ж тағайындалған LVQ төрағасы – Ниязғали Мадияр, Ақпараттық технологиялар факультетінің 3 курс студенті.
Байланыс телефоны: 8 777 329 67 06
Instagram: @qamqor_enu
https://instagram.com/qamqor_enu?igshid=MzRlODBiNWFlZA==
Эковолонтерлер клубы
Эковолонтерлер клубы – «Университеттің білім беру жүйесін жасылдандыру студенттердің рухани санасын модернизациялаудың инновациялық тәсілі ретінде» ғылыми жобасының идеялары аясында Әлеуметтік ғылымдар факультетінде құрылған. Клубтың мақсаты – «жасыл университетті» дамытуда экологиялық білім берудің өзекті мәселелері бойынша студенттер мен оқытушылардың бейресми байланысы үшін сайтты «жасыл университет» құрылымдық бөлігі ретінде ұйымдастыру.
Байланыс номері: Диана Ардаққызы +7 747 398 4338
«Gezzelig» клубы
«Gezzelig» клубы – Көлік-энергетика факультетінде құрылған. «Gezzelig» клубы көпбалалы, мүгедек баласы бар отбасыларға, жалғызбасты қарттарға көмек көрсетеді. Сонымен қатар балалар және қарттар үйлеріне барып, қайырымдылық шараларын ұйымдастырып тұрады.
Байланыс номері: Құндыз Қуанышбекқызы +7 778 235 8405
«Sunset» қайырымдылық қоғамдық жастар ұйымы
«Sunset» қайырымдылық қоғамдық жастар ұйымы – Ақпараттық технологиялар факультетінде құрылған. Клуб студенттер арасында әлеуметтік жауапкершілік, өзара көмек пен қолдауды дамыту, патриоттық сезімді, көшбасшылық қабілетті қалыптастыру мақсатында жұмыс істейді.
“Мейірім” қайырымдылық клубы
“Мейірім” қайырымдылық клубының мақсаты – қайырымдылықпен айналысу және студенттерді игі іске баулу.
“Мейірім” қайырымдылық қорының жетекшісі: Болат Жансая Өмірханқызы - Физикатехникалық факультетінің 1 курс студенті.
Байланыс номері: Айдана Адибайқызы +7 771 872 5356
Komek волонтер клубы
Komek волонтер клубының мақсаты – мүгедектігі бар білім алушыларға әлеуметтік-психологиялық, педагогикалық қолдау және көмек көрсету. Міндеттері:
- Мүгедектігі бар адам білім алушыларды сүйемелдеу және қолдау.
- Жастар ортасында еріктілік идеялары мен құндылықтарын насихаттау, білім алушыларды әлеуметтік маңызды қызметке тарту.
- Бірлескен семинар-тренингтер өткізу арқылы мемлекеттік құрылымдармен және қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету.
Байланыс номері: Нұрқасым Өмірбай 31 114, 8 771 905 16 10
SENIM – студенттердің мәселелерін нақты шешу жолында құрылған белсенді жастардың ортасы. Негізі қаланғаннан бері, университет әкімшілігімен бірге студенттердің игілігі үшін жұмыс жасап келеді. Ұйымның негізгі міндеті – білім алушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғау.
«SENIM» студенттердің әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерін шешуде белсенді ат салысуда:
- ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, мүмкіндігі шектеулі, сондай-ақ аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан студенттерге материалдық көмек көрсету;
- сауықтыру іс-шараларын өткізу;
- мәдени-бұқаралық, спорттық және басқа да шараларды өткізу бойынша қайырымдылық көмек көрсету;
- студенттер арасында мәдени, зияткерлік және шығармашылық қатынасты ұйымдастыру және материалдық сыйлықтар әзірлеуге қолдау көрсету;
- студенттердің шығармашылық және зияткерлік конкурстарға қатысуына ықпал ету;
- тарихи және өлке-танымдық шараларда қайырымдылық көмек көрсету;
- студенттік кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік жобалары мен іс-шараларын қолдау.
«SENIM» Кәсіподақ ұйымының мүшесі болумен қатаp Сіз:
- өзіңіздің заңды құқықтарыңызды қорғау кепілдігіне;
- студенттік өмір мәселелері бойынша шешімдер қабылдауға белсенді қатысу мүмкіндігіне;
- университетішілік, қалалық, облыстық және жалпы республика бойынша іс-шараларға қатысу мүмкіндігіне;
- кәсіподақ қорынан материалдық көмек алу мүмкіндігіне;
- жазатайым оқиғалар кезінде материалдық көмек алу мүмкіндігіне;
- университет өміріне белсенді қатысатын студенттерді көтермелеу туралы мәселені қарау мүмкіндігіне ие боласыз.
Төраға: Әлімбеков Аян Ғалымжанұлы
Байланыс: +7 (7172) 709 500, ішкі: 31 317
Менеджер: Қалшора Еспенбет Төлбасыұлы
Мекен жайы: Александр Пушкин көшесі, 11
Instagram желісі: @senim_enu
