
Университет білім беру ортасын барлық студенттер үшін мүмкіндігінше қолжетімді және ыңғайлы етуге тырысады.
Университеттің оқу ғимараты мен студенттер үйлерінің мүгедектігі бар жандарға қолжетімділігін көрсететін Қолжетімділік картасы жасалынған.
Қолжетімділік картасы университет сайтының төменгі панелінде орналасқан.
Әрбір оқу ғимаратына мүгедектігі бар білім алушыларға қажеттілік туындауында пайдалануға арналған мүгедектер арбасы бөлінген. Мүгедектер арбасын әр оқу ғимаратының бақылау және кешенді қауіпсіздік қызметтерінен таба аласыздар.
Студенттер үйі Дирекциясы

Егер студентке сүйемелдеу қажет болған жағдайда, еріп жүретін адаммен бірге тұру үшін бөлек бөлмелер бөлінеді.
*Кеңес: егер сізге ерекше өмір сүру жағдайлары қажет болса, оларды орналастыруға жауапты адамдарға мүмкіндігінше ертерек хабарлау керек (оқуға түскенге дейін); олармен оқу ғимаратының, Студенттік үйлердің, көлік жүйесінің және т. б. қол жетімділігімен байланысты барлық нәрсені талқылау.
*Байланыс: Осы мәселелерді нақтылау үшін Студенттер үйлері Дирекциясы директорының қабылдау бөлімімен байланысқа шыға аласыз: 8 (7172) 70 95 00 ішкі нөмір: 39-115
Ғылыми кітапхана
Жұмыс уақыты: Дүйсенбі – жұма 9.00 – 18.00, сенбі 9.00 – 14.00
Демалыс күні – жексенбі.
Әр айдың соңғы күні – тазалық күні.
Мүгедектігі бар жандарға кітапхана материалдарының қол жетімділігін қамтамасыз ету бойынша жауапты: Байғабылова Айнұр Нәупілқызы, Ғылыми кітапхананың бас әдіскері
Тел: +7(7172)70-95-00 (ішкі 36-109), (Пушкин көшесі, 11)
Инстаргам: Library.enu.inclusive.centre
Толық қолжетімді ресурстар
ЭКЖ «Лань» нашар көретін студенттерге қашықтықтан оқыту режимінде сөйлеу синтезаторын таңдау мүмкіндігімен.
ЭКЖ «IPR SMART» ерекше білім беру қажеттіліктері бар пайдаланушылар үшін бейімделген, мобильді қосымшасы бар.
ЭКЖ «Университетская библиотека онлайн» көзі нашар көретін жандарға арнайы үлкейту құрылғысы бар.
ЭКЖ «Znanium.com» арнайы қаріптерді үлкейту және аудио (сойлеу синтезаторымен) тыңдауға мүмкіндіктер бар
Astana clinic
Мүгедектігі бар жандар – ауруларға, мертігулерге (жараларға, жарақаттарға, контузияларға), олардың зардаптарына, бұзылуларға байланысты дене функцияларының тұрақты бұзылуы бар денсаулығының бұзылуы бар адам, бұл тіршілік әрекетінің шектелуіне және оны әлеуметтік қорғау қажеттілігіне әкеледі.
Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдар Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының әлеуметтік кодексінде және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерінде бекітілген әлеуметтік-экономикалық және жеке құқықтары мен бостандықтарының толықтығына ие.
Мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік көмек түрлері:
мемлекеттік жәрдемақылар, өтемақылар және өзге де төлемдер түріндегі төлемдер;
жергілікті атқарушы органдар көрсететін қосымша әлеуметтік көмек төлемдері;
жұмыс беруші және өзге де ұйымдар көрсететін әлеуметтік көмектің қосымша түрлері.
«Astana Clinic» ЖШС-де мүгедектігі бар жандарға Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен тегін медициналық көмектің толық кепілдендірілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсетіледі: №75 бұйрыққа сәйкес дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен алғашқы медициналық-санитарлық көмек, диспансерлеу, тегін және (немесе) жеңілдікпен амбулаториялық қамтамасыз ету 2021 ж. ҚР ДСМ, амбулаториялық және стационарлық оңалту, пациенттерді әлеуметтік орталықтар мен қызметтерге жіберу үшін құжаттарды ресімдеуде әлеуметтік көмек және сүйемелдеу, мүгедектікті белгілеуге/қайта куәландыруға тексеруде сүйемелдеу. Қажет болған жағдайда медициналық қызметтер үйде де көрсетіледі.
Астана қ. "Astana Clinic" ЖШС
Мекен - жайы: Абылай хан даңғылы 6/7, Кенесары 52
Call-орталығы 8-701-033-35-36
Қолдау қызметі 8-776-521-12-22
Көрсетілетін қызметтер спектрі:
- жоспарлы шұғыл медициналық көмек;
- әйелдер кеңесі;
- арнайы мамандарды қабылдау;
- ла6ораторлық зерттеулер;
- Ультрадыбыстық және рентгендік диагностика;
- күндізгі стационар қызметтері ;
- ам6улаторлық хирургия орталығы;
- өткен аурулар мен операциялардан кейін оңалту және т. б.
Арнайы мамандардың кеңестері:
лор, кардиолог, ревматолог, невропатолог, эндокринолог, акушер-гинеколог, хирург, травматолог, уролог, гастроэнтеролог, дерматовенеролог, ультрадыбыстық дәрігер
