
«Көмек» волонтерлік клубы

Мүгедектігі бар білім алушыларды сүйемелдеу және қолдау үшін «1+2» моделі бойынша жұмыс істейтін «Көмек» волонтерлік клубы құрылды.
«1+2 моделі» дегеніміз – мүгедектігі бар, сүйемелдеуді қажет ететін жанға арнайы нұсқаулықтан өткен 2 волонтердан бекітіліп, оған әлеуметтік, психологиялық, физикалық сүйемелдеуді қамтамасыз етуі.
Университет жағдайында өзінің бірге оқитын немесе жерлестері қатарынан алынып, арнайы нұсқаулықтан өткеннен кейін білім алушыға бекітіледі. Бұл көмек көрсетуді және уақытылы ақпарат алуды жеңілдетеді. Волонтердың міндеттері:
1) білім алуда пайда болатын кедергілерді еңсеруде сүйемелдеу
2) мүгедектігі бар жанның білім алуында денсаулығына байланысты болатын кедергілерді және сабақ үлгерімін Клуб кординаторына хабарлау
3) мүгедектігі бар білім алушылардың әлеуметтік ортаға бейімделуін арттыратын іс-шаралар ұйымдастыру
4) ЕҰУ-де инклюзивті орта құруға атсалысу
Клубтың инстаграм парақшасы:

Досмағамбетова Айнұр Мұратқызы
Клуб координаторы
010008 Астана қ., Янушкевич көш. 6, №4 оқу ғимараты, №100-Б кабинет
Тел.: +7 747 603 33 12, ішкі: 35-114
Whatsapp: +7 747 603 33 12
