

Мыңбай Дархан Қамзабекұлы
Директорлар кеңесінің мүшесі, Директорлар кеңесінің Төрағасы
Туған жылы
1962 жыл, 26 қаңтар
Азаматтық
Қазақстан Республикасы
Білім
1985 жылы Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген.
2006 жылы Шымкент университетінің экономист мамандығын алған.
Техника ғылымдарының кандидаты (геоэкология). Халықаралық ақпараттандыру академиясының толық мүшесі.
Жұмыс тәжірибесі
*1978–1979 - Сайрам ауданы, Қайнарбұлақ кеңшарының жұмысшысы.
*1985–1990 – ҚазТАГ-тың редакторы, аға редакторы, аға әдеби редакторы.
*1990–1994 ж. – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің аға консультанты, аға референті.
*1994–1996 – республикалық «Өркен – Горизонт» газеттерінің бас редакторы.
*1996–1997 жж. – «Қазақстан телерадиосы» республикалық корпорациясының вице-президенті.
*1997–2002 – Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.
*2002–2004 – Оңтүстік Қазақстан облысының жастар ісі және ішкі саясат басқармасының басшысы.
*2004–2006 – Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданының әкімі
*2005–2008 – Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.
*2008 жылы – Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат вице-министрі.
*2008–2012 – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі.
*2012–2013 – Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі.
*2013–2017 – Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің директоры.
*2017–2018 ж. – Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі ҚХА Хатшылығының меңгерушісі.
*2018 жылғы 13 ақпаннан бастап VI сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.
*2024 ж. – «ЖАҒАРУ» РҚБ КЕҢЕС мүшесі.
Мемлекеттік және халықаралық наградалар, сыйлықтар, құрметті атақтар:
Ордендері:
- «Парасат» (2017 ж.)
- «Құрмет» (12.2019 ж.)
Медальдар:
- «Астана» (1998)
- «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001)
- «Қазақстан Республикасы Парламентіне 10 жыл» (2005)
- «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл» (2005)
- «Астанаға 10 жыл» (2008)
- «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» (10 жыл)
- «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 2 жыл» (10 жыл)
- Қазақстан Республикасының Конституциясы» (2015 ж.)
- «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» (2015 ж.)
- «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» (2016 ж.)
- ТМД ПАА (16.12.2021).
