
2021 жылғы 25 тамызда «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КеАҚ-да штаттық саны 3 бірлікті құрайтын Корпоративтік хатшы қызметі құрылды.
Қоғамның Директорлар кеңесінің 2022 жылғы 26 қазандағы №08/22 хаттама шешімімен Корпоративтік хатшы лауазымына Мадияр Батыйханұлы Орынбаев тағайындалды.
Корпоративтік хатшының міндеттері және негізгі функциялары:
1) Қоғам органдары мен лауазымды адамдарының корпоративтік басқару саласындагы Заңнаманы, Қоғам Жарғысы мен ішкі құжаттарын сақтауын, сондай-aқ корпоративтік басқару саласындағы саясат пен практиканы жетілдіруді қамтамасыз ету;
2) Директорлар кеңесінің тиімді қызметін қамтамасыз ету;
3) берілген құзырет шеңберінде Қоғам туралы маңызды ақпаратты сақтауды, ашуды және ұсынуды, сондай-aқ ақпараттық ашықтықтың жоғары деңгейін қолдауды қамтамасыз ету.
Қоғамның органдарының, лауазымды адамдарының корпоративтік басқару саласындағы Заңнаманы, Қоғам Жарғысы мен ішкі құжаттарын сақтауын қамтамасыз ету, сондай-ақ корпоративтік басқару саласындағы саясат пен практиканы жетілдіру жөніндегі міндеттерді орындау үшін Корпоративтік хатшыға мынадай функциялар жүктеледі:
1) өз құзыреті шегінде Қоғамның лауазымды тұлғаларына Заңнамаға және Қоғамның ішкі құжаттарына байланысты мәселелер бойынша консультациялар беру және ұйымдастыру;
2) Директорлар кеңесін Қоғамда анықталған Заңнаманың және Қоғамның ішкі құжаттарының бұзылуы туралы хабардар ету;
3) Қоғамның ішкі құжаттарын әзірлеуге, қайта қарауға қатысу;
4) Қазақстан Республикасында, шетелде корпоративтік басқару саласындағы қолданыстағы практиканы, үрдістерді, даму перспективаларын мониторингілеу және талдау және лауазымды тұлғаларға, тиісті органдар мен Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына ақпарат, ұсынымдар енгізу.
Корпоративтік басқару принциптері:
- өкілеттіктерді шектеу принципі;
- акционерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау принципі;
- Директорлар кеңесі мен Басқарманың Қоғамды тиімді басқару принципі;
- тұрақты даму принципі;
- тәуекелдерді басқару, ішкі бақылау және аудит принципі;
- корпоративтік даулар мен мүдлделер қақтығысын реттеу принципі;
- Қоғам қызметі туралы ақпаратты ашудың ашықтығы мен объективтілігі принципі.

Орынбаев Мадияр Батыйханұлы
БІЛІМІ
2009 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Экономика» мамандығы бойынша бітірген.
2010 жылы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистратурасын бітіріп, «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша Магистр академиялық дәрежесіне ие болды.
ЕҢБЕК ЖОЛЫ
2007-2010 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің Ішкі саясат басқармасының бас маманы, бөлім басшысы болды.
2010-2011 жылдары Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінде сарапшы, бас сарапшы болып жұмыс атқарған. 2011-2013 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде
Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығының сарапшысы қызметін атқарған.
2013-2016 жылдары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Бірінші орынбасарының кеңесшісі лауазымында қызмет атқарған. 2016-2018 жылдары «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының Корпоративтік хатшысы болды.
2018-2020 жылдары «Кедентранссервис» акционерлік қоғамының атқарушы директоры болып қызмет атқарды.
2021-2022 жылдары кәсіпкерлік қызметте болды.
2022 жылғы қазан айынан бастап Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Корпоративтік хатшысы.
ҚОСЫМША МӘЛІМЕТТЕР:
«Самруқ-Қазына» АҚ компаниялар тобының сертификатталған
Корпоративтік хатшысы (30.09.2016 ж., сертификат №0153);
Обучение «Корпоративтік басқарудағы британдық тәжірибе» (24.12.16 ж., сертификат №0395, Лондон қ.);
Корпоративтік хатшыларды оқыту бойынша тренер (10.06.2017 ж., сертификат №000597).
БАЙЛАНЫС МӘЛІМЕТТЕРІ:
Мекенжайы: Қазақстан, Астана қ., Сәтпаев к-сі, 2, 103 кабинет.
e-mail: orynbayevmb@gmail.com
Телефон: +7-7172-70-95-00 (ішкі 31-333)
