

Айтмaғамбетов Думан Рамазанұлы
Стратегиялық даму және интернационализация жөніндегі проректор
Білімі:
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (2005) - тарихшы
Еуразия гуманитарлық институты (2009) - заңгер
Тарих ғылымдарының кандидаты (2011)
«Болашақ» халықаралық бағдарламасының стипендиаты (2012), Кардифф университетінде (Ұлыбритания) ғылыми тағылымдама
Кәсіби тәжірибесі:
Геосаяси зерттеулер және халықаралық қатынастар институтының қызметкері, Қазақстан-Ресей университеті, Астана қ. (2005)
Мемлекеттік органдар және қоғамдық ұйымдармен жұмыс істеу секторының маманы, меңгерушісі, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана қ. (2005–2008)
Ұйымдастыру-тәрбие жұмысы бөлімінің басшысы, тәрбие жұмысы қызметінің жетекшісі, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана қ. (2008–2011)
Әлеуметтік ғылымдар факультетінің деканы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана қ. (2011)
Жастар саясаты және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана қ. (2011–2012)
Ректор аппаратының жетекшісі, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана қ. (2012–2019)
Басқарма мүшесі және стратегиялық даму мен интернационализация жөніндегі проректор, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана қ. (2019 – қазіргі уақытқа дейін)
Тренингтер мен тағылымдамалар:
2015 ж. - АҚШ-та тағылымдама: «Университеттерді автономияландыру: АҚШ реформаларының тәжірибесі» (Стэнфорд университеті)
2020 ж. - «Білімдегі менеджмент» бағдарламасы бойынша кәсіби қайта даярлау (Alma University)
2020 ж. - «Университетті басқару» курсы (Мәскеу басқару мектебі СКОЛКОВО)
2023 ж. - Атқарушы университеттік көшбасшылық бағдарламасы (Академиялық көшбасшылық институты, Назарбаев Университеті)
Қызметтің негізгі бағыттары:
Университеттің стратегиялық бастамаларын дамыту
Халықаралық ынтымақтастық және академиялық алмасу бағдарламаларын қолдау
Түлектер қауымдастығын және университет эндаументін дамыту мәселелерін қадағалау
Марапаттары:
«Қазақстан Конституциясына 20 жыл» медалі (2015);
«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медалі (2016);
Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасы (2017).
