

Бейсенбай Ардақ Бақытұлы
Басқарма мүшесі – академиялық мәселелер жөніндегі проректор
Білімі:
Ардақ Бақытұлы Бейсенбай Еуразия ұлттық университетін «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек өтілі:
Еуразия ұлттық университеті қазақ тіл білімі кафедрасының ассистенті (2005);
Еуразия ұлттық университетінің қазақ тіл білімі кафедрасының оқытушысы (2006);
ЕҰУ қазақ тіл білімі кафедрасының аға оқытушысы (2009);
ЕҰУ филология факультеті деканының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары (2011);
Филология факультеті деканының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары (2012);
ЕҰУ қазақ тіл білімі кафедрасының меңгерушісі (2016);
ЕҰУ филология факультетінің деканы (2019).
Ардақ Бейсенбай – филология ғылымдарының кандидаты. 100-ден астам ғылыми және ғылыми-көпшілік еңбектердің, сондай-ақ Web of Science және Scopus деректер қорындағы мақалалардың авторы.
Ардақ Бейсенбай – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері.
