

Бекманова Гүлмира Тылеубердиқызы
Басқарма мүшесі - Цифрландыру жөніндегі проректор-Цифрлық офицер
Білімі:
1999–2004 жж
Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті
Ақпараттық технологиялар және энергетика факультеті
Мамандығы: «Ақпараттық жүйелер»
Біліктілігі: Ақпараттық жүйелер инженері.
2004–2006 жж
Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті
Ақпараттық технологиялар және энергетика факультеті
Мамандығы: «Ақпараттық жүйелер»
Біліктілігі: Ақпараттық жүйелер магистрі.
2006–2010 жж
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, ізденуші
Математика және ақпараттық технологиялар факультеті
Мамандығы: Есептеуіш машиналар, кешендер және компьютерлік желілердің математикалық және бағдарламалық қамтамасыз етілуі
Зерттеу саласы: Жасанды интеллект.
Техника ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі.
2007–2010 жж
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, PhD докторантурасы
Математика және ақпараттық технологиялар факультеті
Мамандығы: Информатика, есептеу техникасы және басқару
Зерттеу саласы: Жасанды интеллект.
«Информатика, есептеу техникасы және басқару» мамандығы бойынша PhD докторы.
«Компьютерлік ғылымдар және информатика» ғылыми бағыты бойынша профессор ғылыми атағының иегері.
Техника ғылымдарының кандидаты, PhD докторы, профессор.
145-тен астам ғылыми еңбектің авторы, 4 оқу құралы мен 4 монографияның авторы. Web of Science дерекқорында 34, Scopus дерекқорында 65 жарияланымы бар. Хирш индексі - 12.
Еңбек жолы:
Еңбек жолын 2004 жылы Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің Ақпараттық жүйелер кафедрасында оқытушы ретінде бастады.
2006 жылдан бастап Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Есептеу техникасы кафедрасында аға оқытушы болып қызмет атқарды. 2010 жылы осы кафедраның доценті қызметіне ауыстырылды. 2011 жылы университеттің Информатика және ақпараттық қауіпсіздік кафедрасын басқарды.
2016 жылдан бастап ЕҰУ-дың Жасанды интеллект технологиялары кафедрасының профессор міндетін атқарушысы болды.
2017 жылдан - Аккредиттеу және рейтинг бөлімінің басшысы, 2019 жылдан – Қашықтықтан оқыту технологиялары орталығының жетекшісі.
2020 жылы - Цифрлық даму және қашықтықтан оқыту департаментінің директоры.
2024 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – Цифрландыру жөніндегі проректор – Цифрлық офицер.
