

Төлегенқызы Ләззат
Білімі:
- Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, "Әлеуметтану" мамандығы бойынша - 1995 ж.
- Әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА корреспондентмүшесі.
- Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ философия және саясаттану факультеті әлеуметтану кафедрасының аспиранты.
Еңбек өтілі:
- Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ философия және саясаттану факультетінің әлеуметтану кафедрасының аспиранты - қыркүйек 1995 -маусым 1998;
- Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ философиялық-әлеуметтік ғылымдар кафедрасының оқытушысы - қыркүйек 1998 - қазан 2000;
- Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әлеуметтану кафедрасының аға ғылыми қызметкері, доценті, профессоры - қазан 2000 - қыркүйек 2007;
- ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының профессоры, ұлттық мемлекеттік саясат мектебінің директоры, оқу жөніндегі проректор, кафедра меңгерушісі, Әділет институты директорының орынбасары - қыркүйек 2007-наурыз 2017;
- ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ әлеуметтік-экономикалық зерттеулер бөлімінің басшысы - сәуір 2017-тамыз 2018;
- ҚР ЕХӘҚМ әлеуметтік жұмыс жөніндегі ұлттық ресурстық орталығының директоры - қыркүйек 2018-желтоқсан 2019;
- "Қаржы академиясы" АҚ ректоры, оқу жөніндегі проректоры - қаңтар 2020- тамыз 2020;
- "Қазақстан қоғамдық даму институты" КеАҚ "Рухани жаңғыру" Орталығының талдау және әдістемелік қамтамасыз ету басқармасының басшысы - қыркүйек 2020-мамыр 2021;
- "Қазақстан қоғамдық даму институты" КеАҚ "Рухани жаңғыру" Орталығының талдау және әдістемелік қамтамасыз ету басқармасының стратегиялық талдау тобының талдаушы-менеджері – мамыр 2021-маусым 2021;
- "Қазақстандық қоғамдық даму институты" КеАҚ стратегиялық талдау тобының жетекшісі - маусым 2021-қараша 2022;
- «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КеАҚ Басқарма мүшесі – әлеуметтік және инфрақұрылымдық даму жөніндегі проректоры (2022 жылғы 28 қарашадан бастап)
