
Академиялық мәселелер департаменті «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Мақсаты: Университеттің стратегиясына сәйкес білім беру үдерісін, оқу-әдістемелік жұмысты жоспарлау, басқару, бақылау және жетілдіру қызметтерін университет деңгейінде үйлестіру және ұйымдастыру.
Міндеттері: бакалаврит, магистратура, докторантура деңгейлері бойынша университеттің білім беру бағдарламаларын үнемі дамыту; оқу-әдістемелік жұмыстың сапалы мазмұнын қамтамасыз ету; білім алушыларға көрсетілетін қызметтердің мәдениеті мен сапасын арттыру; оқу үдерісінің қызметін жетілдіру.

Қашхынбай Байжуман Балтабаевич
Директор
e-mail: kashkhynbai_bb@enu.kz
Тел.: +7 (7172) 709500 ішкі: 31147

Әбдімәулен Гульмира Абдимауленқызы
Директордың орынбасары
Тел.: +7 (7172) 709500 ішкі: 31117

