
Ақпараттық жүйелерді талдау және тестілеу секторы «Еуразия ұлттық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының цифрлық даму және онлайн оқыту департаментінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Сектор жұмысының мақсаты-ақпараттық жүйелердің жай-күйіне талдау жүргізу және университеттің цифрлық дамуының перспективалық бағыттарын айқындау.
Сектордың негізгі функциялары ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін талдау және университеттің бизнес-процестерін оңтайландыру үшін міндеттерді айқындау, университеттің цифрлық даму жай-күйіне тұрақты мониторинг жүргізу, бағдарламалық жасақтаманы (әрі қарай - БЖ) әзірлеуге техникалық тапсырмаларды дайындау, БЖ прототипін әзірлеу және келісу, БЖ-ға техникалық және бағдарламалық талаптарды айқындау, алгоритмдерді іске асырудың дұрыстығына және техникалық тапсырмаға сәйкестігіне БЖ тестілеу, БЖ-ны пайдалану жөніндегі нұсқаулықтар, әзірленген бағдарламалық жасақтаманы пайдалану және сүйемелдеу бойынша барлық мүдделі тұлғаларды оқыту, БЖ-ның жаңа нұсқаларын тестілеуді жүзеге асыру және олар бойынша қорытынды беру болып табылады.



