
Ғылыми басылымдар басқармасы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғылыми журналдарын шығаруды ұйымдастыруды және үйлестіруді жүзеге асырады. Басқарманың негізгі мақсаты - ғылыми басылымдардың сапасын қамтамасыз ету, журналдардың ұлттық және халықаралық талаптарға сәйкестігін сақтау және университеттің ғылыми коммуникациясын дамыту.
Негізгі міндеттері:
- ғылыми журналдардың редакциялық-баспа үдерістерінің толық циклін ұйымдастыру;
- ҚР ҒЖБМ және халықаралық деректер базаларының талаптарын сақтау;
- көптілділікті дамыту және мемлекеттік тілдегі жарияланымдардың үлесін қамтамасыз ету;
- редакция алқаларымен, авторлармен және рецензенттермен өзара әрекеттесу;
- журналдардың ғылыми көрінуін және жарияланымдық белсенділігін арттыру.
Функциялары:
- журналдардың редакциялық саясатын әдістемелік қолдау;
- материалдардың сапасын және этикалық стандарттардың сақталуын бақылау;
- тіл саясаты мен жарияланымдық белсенділікті мониторингтеу;
- шетелдік авторларды тартуды және халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуді үйлестіру;
- журналдарды халықаралық ғылыми базаларға индекстеуге қолдау көрсету.
Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғылыми басылымдары

Ғылыми басылымдар басқармасының басшысы
+7(7172)70-94-91, 709-500 (ішкі нөмір 31-442)



