
Стратегиялық даму департаменті – екі бөлімді біріктіретін университеттің құрылымдық бөлімшесі:
Стратегиялық жоспарлау бөлімі
Стратегиялық жоспарлау бөлімі университеттің даму стратегиясы көрсеткіштерін әзірлеу және мониторинг жүргізу жұмыстарын жүзеге асырады. Бұл – жоспарланған нәтижелерге қол жеткізуді қамтамасыз ету және түзету шараларын уақытылы қабылдау мақсатында жүргізіледі. Сондай-ақ, бөлім көрсеткіштерді жақсартуға бағытталған қызметті жоспарлаумен айналысады.
Бөлім қызметкерлері университеттің құрылымдық бөлімшелері жүзеге асыратын ЖББП АЖ дерекқорын өзектендіру процесін қадағалайды. Сонымен қатар, бөлім ішкі және сыртқы ортаны талдайды, оған қоса ақпарат жинау, университеттің күшті және әлсіз тұстарын бағалау, сондай-ақ қолда бар мәліметтер негізінде оның әлеуетін анықтау кіреді.
Аккредиттеу және рейтинг бөлімі
Аккредиттеу және рейтинг бөлімі қызметінің негізгі бағыттары ұлттық және халықаралық агенттіктерде білім беру бағдарламаларын институционалдық аккредиттеуден және мамандандырылған аккредиттеуден өту рәсімін үйлестіру; университеттің ұлттық және халықаралық рейтингтерге қатысуы үшін деректерді жинау, талдау және ұсыну және т. б. болып табылады.

Нефедова Лариса Владимировна
Директор
Тел.: +7 (7172)709500 ішкі номер: 31-301
E-mail: Nefedova_lv@enu.kz
