
УниверситетБасқару және құрылымӘкімшілік бөлім
Департамент туралы
Департаменттің мақсаты – университетте онлайн оқыту процесін үйлестіру және сүйемелдеу.
Департамент 2 сектордан тұрады:
- Онлайн курстарды әзірлеу секторы
- Онлайн өтінімдерді өңдеу секторы
Департаменттің негізгі міндеттері:
- Университеттің миссиясы мен мақсаттарына сәйкес цифрлық даму стратегиясын әзірлеу және іске асыру.
- Қашықтан, аралас және онлайн форматта кадрлар даярлауды жүзеге асыратын университеттің білім беру бағдарламаларын іске асыруды басқару және сүйемелдеу.
- Онлайн нысанда білім беру қызметін жүргізу үшін білім беру бағдарламаларын лицензиялау процесін үйлестіру.
- Жаппай ашық онлайн курстарды (ЖАОК) әзірлеу, енгізу және сүйемелдеу.
- Электрондық оқыту процесін ұйымдастыру және басқару
- Университеттің байланыс орталығының жұмысын үйлестіру
Департамент Басшылығы

Сабитова Лейля Сейтжапаровна
Департамент директоры
e-mail: sabitova_ls@enu.kz
+7 (7172) 709500 ішкі.: 31367
Секторлар
Онлайн курстарды әзірлеу секторы
Онлайн өтінімдерді өңдеу секторы
Бөлісу:
