
Онлайн өтінімтерді өңдеу секторы (бұдан әрі – Сектор) білім беру процесін қолдауда, әсіресе оқытуды цифрландыру жағдайында маңызды рөл атқарады. Сектор MOOC.ENU.KZ және MOODLE.ENU.KZ Еуразия жаппай ашық онлайн курстар платформасын кешенді қолдаумен (білім алушылар мен профессор-оқытушылар құрамы үшін курстар бойынша оқыту және кеңес беру) айналысады, сонымен қатар Microsoft Teams, Coursera және Google платформаларында техникалық қолдауды қамтамасыз етеді.
Сектордың Колл-орталығы университет пен сыртқы және ішкі стейкхолдерлер (талапкерлер, білім алушылар, оқытушылар, ата-аналар, түлектер, серіктестер, жұмыс берушілер және басқа да азаматтар) арасында телефон байланысын ұйымдастыруда шешуші рөл атқаратын 8 (7172) 70 95 00 бірыңғай нөмірі бойынша кіріс және шығыс телефон қоңырауларын қабылдаумен айналысады.






