
Л. Н. Гумилёв атындағы Еуразия ұлттық университетінің Жобалау офисі – университеттегі барлық жобалық бастамаларды үйлестіру, мониторинг жүргізу және дамыту орталығы. Оның миссиясы – заманауи жобалық басқару мәдениетін енгізу, стратегиялық бастамалардың тиімділігін арттыру және қызметкерлер мен студенттердің жобалық құзыреттерін дамыту.
Жобалау офисі білім беру, ғылыми және инфрақұрылымдық жобаларды басқаруда жүйелі тәсілді қамтамасыз етеді, университет бөлімшелерін және сыртқы серіктестерді біріктіріп, даму мақсаттарына жетуге ықпал етеді.
Негізгі қызмет бағыттары:
- Жобаларды жоспарлау және сүйемелдеу – идеядан бастап іске асыруға дейін, мерзімдер, бюджет және нәтижелерді бақылаумен;
- Әдістемелік және аналитикалық қолдау – стандарттар, шаблондар, регламенттер әзірлеу, оқыту және консалтинг жүргізу;
- Тиімділікті бақылау және бағалау – жобалар тізілімін жүргізу, көрсеткіштерді талдау, тәуекелдерді басқару;
- Жобалық тәсілді білім беруге интеграциялау – студенттер мен оқытушылардың құзыреттерін дамыту, практикалық бағыттағы оқу формаларын енгізу;
- Процестерді цифрландыру – жоспарлау, коммуникация және есеп беру үшін заманауи IT-құралдарды пайдалану.
Л. Н. Гумилёв атындағы ЕҰУ Жобалау офисі – тұрақты өзгерістерді жүргізетін драйвер, жобаларды басқарудың біртұтас экожүйесін қалыптастырып, университет ортасының сапасын арттырады.
|
№ |
Жобаның атауы |
Жобаның мақсаты |
Жоба жетекшісі |
Жоба иесі / Тапсырыс беруші / Демдеуші |
|
1 |
Summer School of Russian & Eurasian Studies (SSRES) |
Аризона университеті студенттеріне арналған жазғы мектепті ұйымдастыру және өткізу, орыс және қазақ тілдерін меңгеру деңгейін арттыру және Қазақстанның әлеуметтік-мәдени өмірімен таныстыру (08.08.2025 ж. дейін) |
Ильясова А.С. – Үздіксіз білім беру институтының директоры |
Аризона университеті; Академиялық мәселелер жөніндегі проректор Бейсенбай А.Б. |
|
2 |
Zeren Photo Fest |
Республикалық БАҚ фототілшілерін тарта отырып, студенттерге фотосурет түсіру дағдыларын үйрету, ≥10 қатысушы, әрқайсысы ≥5 жұмыс дайындау (28.11.2025 ж. дейін) |
Ерденбек Ербол – Ақпараттық орталық жетекшісі |
Басқарма төрағасы – Ректор Е.Б. Сыдыков |
|
3 |
SmartVoice: аудиотехнология арқылы инклюзивті білім беру |
SMART.ENU жүйесінде лекцияларды қазақ тіліне қолдау көрсететін аудиоформатқа автоматты түрлендіру модулін әзірлеу және енгізу (22.12.2025 ж. дейін) |
Омарбекова А.С. – Цифрлық даму департаментінің директоры |
Цифрландыру жөніндегі проректор – Цифрлық офицер Бекманова Г.Т. |
|
4 |
Two Bridges ENU |
Акбулак өзенінде мектеп және студенттік командалар арасында кеме модельдеу бойынша ашық жарыстар өткізу (20.09.2025 ж. дейін) |
Тенбай О.Ж. – Стратегиялық жоспарлау бөлімінің бастығы |
Стратегиялық даму және интернационалдандыру жөніндегі проректор Айтмагамбетов Д.Р. |
|
5 |
ІQUP |
Астана қаласы ЖОО арасында интеллектуалдық ойын өткізу арқылы студенттердің логикалық және сыни ойлау қабілетін дамыту (15.03.2025 ж. дейін) |
Тілеп Ж.А. – Әлеуметтік және азаматтық даму департаментінің директоры |
Әлеуметтік және инфрақұрылымдық даму жөніндегі проректор Телегенқызы Л. |
|
6 |
Green Energy Management |
Италия және Өзбекстан ЖОО-ларымен бірлескен халықаралық жазғы мектеп ұйымдастыру (30.09.2025 ж. дейін) |
Кармелюк А.В. – Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры |
Стратегиялық даму және интернационалдандыру жөніндегі проректор Айтмагамбетов Д.Р. |
|
7 |
ENU Videocast – Шекарасыз білім беру |
Инклюзия тақырыбында 7 бейнеподкаст түсіріп, YouTube арнасына жариялау (12.12.2025 ж. дейін) |
Ковалева Я.Н. – Инклюзивті қолдау орталығының жетекшісі |
Әлеуметтік және инфрақұрылымдық даму жөніндегі проректор Телегенқызы Л. |
|
8 |
ENU Kids Camp |
Университет қызметкерлері мен ПОҚ үшін әлеуметтік пакетті кеңейту (30.06.2025 ж. дейін) |
Тілеп Ж.А. |
Әлеуметтік және инфрақұрылымдық даму жөніндегі проректор Телегенқызы Л. |
|
9 |
Eurasian Climate Talks |
Тұрақты даму тақырыбы бойынша студенттер арасында іс-шаралар өткізу (22.12.2025 ж. дейін) |
Ақшалова Р. – Халықаралық құқық кафедрасының меңгерушісі |
Стратегиялық даму және интернационалдандыру жөніндегі проректор Айтмагамбетов Д.Р.; Германия Елшілігі |
|
10 |
Bolashak PRO клубы |
«Болашақ – 500 ғалым» тағылымдамасына қатысу мүмкіндігі туралы ПОҚ-тың хабардарлығын арттыру (28.11.2025 ж. дейін) |
Майканов А.С. – Әкімшілік департамент директоры |
Басқарма төрағасы – Ректор Е.Б. Сыдыков |
|
11 |
Экологиялық оазис |
ЕҰУ кампусында жасыл аймақ құру, ≥12 өсімдік отырғызу, ≥10 жарияланым (2025 ж. дейін) |
Тенбай О.Ж. |
Стратегиялық даму және интернационалдандыру жөніндегі проректор Айтмагамбетов Д.Р. |
|
12 |
ЭКОАРТ-жоба: “Жүрекпен көру: Табиғат саусақ ұшында” |
Қайта өңделген материалдардан шығармашылық бойынша 7 мастер-класс пен 2 көрме өткізу, инклюзивті арт-платформа құру (12.12.2025 ж. дейін) |
Ковалева Я.Н. |
Әлеуметтік және инфрақұрылымдық даму жөніндегі проректор Телегенқызы Л. |
|
13 |
Психолог-практик мектебі |
«Психология» және «Педагогика және психология» бағыттарындағы ≥25 студенттің тәжірибелік дағдыларын дамыту (28.11.2025 ж. дейін) |
Бейсенова Н.Б. – Психологиялық қолдау орталығының жетекшісі |
Әлеуметтік және инфрақұрылымдық даму жөніндегі проректор Телегенқызы Л. |
|
14 |
МГИМО филиалы |
ЕҰУ базасында МГИМО филиалын ашу (30.10.2025 ж. дейін) |
Сомжурек Б.Ж. – Жоғары білім мектебінің директоры |
Стратегиялық даму және интернационалдандыру жөніндегі проректор Айтмагамбетов Д.Р. |
|
15 |
Социологиялық зерттеулер зертханасы |
Python негізінде деректерді талдау мектебін өткізу және УВКОК қызметін автоматтандыру (20.12.2025 ж. дейін) |
Ахметова Ш.Т. – УВКОК жетекшісі |
Ректор Е.Б. Сыдыков |
|
16 |
ЕҰУ-дың шетелдік бағдарламаларын ашу |
Қытай Халық Республикасындағы Нанкай университеті базасында бағдарламаларды аккредиттеу және студенттерді оқыту (30.10.2025 ж. дейін) |
Жағыпарова А.О. – Экономика факультетінің деканы |
Стратегиялық даму және интернационалдандыру жөніндегі проректор Айтмагамбетов Д.Р. |
|
17 |
Лубань шеберханасы (Тяньцзинь) |
Жасанды интеллект, дрон және автоматтандыру бағыттары бойынша Лубань шеберханасын құру (22.12.2025 ж. дейін) |
Бекманова Гүлмира Тілеубердіқызы – Цифрландыру жөніндегі проректор, ЕҰУ цифрлық офицері |
Ректор Е.Б. Сыдыков |
|
18 |
АКТ жөніндегі консультативтік кеңес |
ЕҰУ жанында АКТ және жасанды интеллектті дамыту бойынша стратегиялық ұсынымдар беретін Кеңес құру (22.12.2025 ж. дейін) |
Сабитова Л.С. – Онлайн оқыту департаментінің директоры |
Цифрландыру жөніндегі проректор Бекманова Г.Т. |
|
19 |
“Дәрісханадан көшбасшылыққа”: түлектер зерттеуі (1996–2025) |
ЕҰУ түлектері туралы талдамалық кітап шығару (22.12.2025 ж. дейін) |
Смаилова А.Б. – Маркетинг және түлектермен байланыс бөлімінің бастығы |
Стратегиялық даму және интернационалдандыру жөніндегі проректор Айтмагамбетов Д.Р. |
|
20 |
Оқытушының жеке жоспары (ОЖЖ) |
Оқытушылар еңбегін жүйелеуге арналған цифрлық құрал әзірлеу (20.12.2025 ж. дейін) |
Ахметова Ш.Т. |
Ректор Е.Б. Сыдыков |
|
21 |
Green Office |
Тұрақты даму жөніндегі үйлестіру орталығын құру, экологиялық жобалар мен инфрақұрылымды дамыту (22.12.2025 ж. дейін) |
Рахимова Н.Р. – Тұрақты даму орталығының жетекшісі |
Стратегиялық даму және интернационалдандыру жөніндегі проректор Айтмагамбетов Д.Р. |
|
22 |
ASTANA Аруы – 2025 |
Астана қаласының ЖОО студенттері арасында сұлулық және имидж байқауын өткізу (04.04.2025 ж. дейін) |
Тілеп Ж.А. – Әлеуметтік және азаматтық даму департаментінің директоры |
Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректор Телегенқызы Л. |
|
23 |
Автоэкспедиция “Алтай мұрасы – 2” |
Алтай бағыты бойынша автоэкспедиция өткізу, 30 жылдықты насихаттау және туризмді дамыту (01.09.2026 ж. дейін) |
Майканов А.С. |
Ректор Е.Б. Сыдыков |
|
24 |
ESG және тұрақты даму (EMBA) |
ESG және тұрақты даму бойынша EMBA бағдарламасын іске қосу, оқу жоспарын және материалдарды әзірлеу (28.11.2025 ж. дейін) |
Ильясова А.С. |
Ректор Е.Б. Сыдыков |
|
25 |
Guest Campus |
Шетелдік профессорлар мен қонақтарға арналған қонақ үй қабатын ашу, туризм кафедрасы студенттерінің тәжірибесін арттыру (09.2026 ж. дейін) |
Жұматаев А. – Студенттік үйлер дирекциясының директоры |
Ректор Е.Б. Сыдыков |
|
26 |
20 жаңа спорт секциясы |
20 спорт секциясын ашу, ≥500 студентті қамту (01.06.2025 ж. дейін) |
Рахимжанов Д.А. – Спорт клубының төрағасы |
Стратегиялық даму жөніндегі проректор Бейсенбай А.Б. |
|
27 |
ENU Global Research |
Халықаралық ғылыми жобалар санын арттыру, ППҚ-ның халықаралық ынтымақтастығын кеңейту (31.12.2025 ж. дейін) |
Закирова А.Б., Кармелюк А.В. |
Проректорлар: Айтмагамбетов Д.Р., Курманғалиева Ж.Д. |
|
28 |
ENUgrad кампусының құрылысы |
Оқу, ғылыми және тұрғын корпустары бар жаңа кампус салу, технопарк пен спорт кешенін қамту (2030 ж. дейін) |
Саябаев К.М. – Ректордың құрылыс жөніндегі кеңесшісі |
Ректор Е.Б. Сыдыков |
|
29 |
Технопарк зертханасы |
Инженерлік-техникалық “ENU-QURYLYS” орталығының инфрақұрылымын құру (2027 ж. дейін) |
Саябаев К.М. |
Ректор Е.Б. Сыдыков |
|
30 |
Цифрлық ресурс орталығы i-GALYM |
2025 жылғы желтоқсанға дейін ЕҰУ зерттеулерін халықаралық және ұлттық этика нормаларына сәйкестендіретін цифрлық платформа жасау, ППС және докторанттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарының сапасын арттыру, зерттеушілер мен этикалық комиссия мүшелеріне тұрақты кеңес беру |
Байгабылов Н.О. – PhD, социология кафедрасының оқытушы-зерттеушісі |
Курмангалиева Ж.Д. – Басқарма мүшесі, ғылым және коммерцияландыру проректоры |
2025 жылғы қорытынды іс-шара
2025 жылы 26 жобаның сәтті аяқталғанын мерекелеу мақсатында қорытынды
іс-шара 19 желтоқсанда өткізілді, ең үздік жобалар мен үздік жобалық менеджерлер марапатталды. Қазіргі уақытта 2025 жылғы жобалар портфелінің постмониторингі жүргізілуде.
Қорытынды іс-шараның нәтижелері бойынша төмендегідей көрсеткіштер анықталды:
Университеттің жобалар портфелі аясында ғылыми, цифрлық, білім беру, экологиялық және имидждік бағыттар бойынша жобалар жүзеге асырылып, сәтті аяқталды. Төменде аталған жобалар өз мақсаттары мен жоспарланған нәтижелеріне жетті.
Ғылыми жобалар тізімі:
«Саяси-социологиялық зерттеулер зертханасы» жобасы
ENU Global Research
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бойынша кеңес
Цифрлық жобалар тізімі:
SmartVoice: аудиотехнологиялар арқылы инклюзивті білім беру
i-GALYM зерттеу этикасының цифрлық ресурс орталығы
Білім беру жобалары тізімі:
Green Energy Management (GEM) жазғы мектебі
Climate Talks жазғы мектебі
7М04145 – ESG және тұрақты даму магистратуралық бағдарламасы (EMBA)
«ENU.VIDEOCAST – Шекарасыз білім»
«ENU kids camp» жазғы лагері
Психолог-практик мектебі
20 жаңа спорт секциялары
«IQUP» білім бәйгесі (Астана қаласының ЖОО арасында)
Оқытушының жеке жоспары (ИПП)
Экологиялық жобалар тізімі:
«ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ОАЗИС» («Жасыл кампус» жобасы аясында)
Жасыл офис
ЭКОАРТ жобасы «Жүрекпен көру: Табиғат саусақ ұштарында»
Имидждік жобалар тізімі:
Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының (МГИМО) филиалы
Лубань шеберханасының ашылуы (Тяньцзинь кәсіби университеті) ЕҰУ базасында
Summer School of Russian & Eurasian Studies (SSRES) Қазақстанда
ЕҰУ халықаралық бағдарламаларының ашылуы шетелде
«Аудиториядан көшбасшылыққа: ENU түлектері және олардың ел дамуына қосқан үлесі» зерттеуі (1996–2025 жж.)
«Bolashak Pro» клубы
Фотофестиваль «Zeren Photo Fest»
Astana Аруы
«TWO BRIDGES ENU» (талантты жастарды тарту үшін модельдік қайық жасау жарысы)
2025 жылғы оқыту және құзыреттерді дамыту
2025 жылғы шілде–тамыз – ЕҰУ-дің 51 қызметкері үшін жобалық басқару
бойынша оқыту өткізілді.
2025 жылғы 19–22 қараша – Мәскеу қаласына (Skoltech/Сколково) сапарымен
байланысты, «ЕНУград кампусын құру» жобасына қызығушылық танытқан факультеттер декандары мен университеттің құрылымдық бөлімшелерінің 13 негізгі қызметкері үшін халықаралық тәжірибені зерттеу мақсатында жобалау, құрылыс және университет кампустарын басқару бойынша оқыту өткізілді.
2025 жылғы 8–12 желтоқсан – университеттің 2 қызметкері, оның ішінде
Жобалау офисінің қызметкері, жобалық басқару бойынша D деңгейлі халықаралық сертификаттау мен оқытудан өтті.
2025 жылғы 24–25 желтоқсан – профессорлық-оқытушылық құрам мен
құрылымдық бөлімшелердің басшылары үшін «Жобалық басқару және университеттегі жобалық тәсілдің институционализациясы» тақырыбында оқыту өткізілді, қатысқандар саны – 30.
Барлық қатысушылар қорытынды аттестациядан өтіп, алынған білімді практикалық қолдануға дайын екендерін растады. Оқытудағы фотоесептер Жобалау офисінің ресми Instagram парақшасында жарияланған: @enu_project_office.
Бұл нәтиже университете жобалық қызметті әрі қарай дамыту үшін берік негіз қалыптастырылғанын көрсетеді.
2025 жылғы жобалық қызметті танымал ету
Университетте жобалық ойлауды қалыптастыру және енгізіліп жатқан бастамалар туралы ақпаратты тарату мақсатында ақпараттық-медиа қолдау белсенді түрде қолданылды.
- Жобалау офисінің ресми Instagram парақшасында қазіргі уақытта 1382 жазылушы тіркелген;
- 10 сұхбаттық видеоролик жарияланған;
- 9 бірлескен видеоролик дайындалып, орналастырылған.
Жобалық мәдениетті танымал етуге бағытталған жүйелі жұмыс университеттің ашықтығын арттыруға, жастардың қатысуын күшейтуге және ЕҰУ қызметінің қоғамдағы позитивті қабылдануын қалыптастыруға ықпал етеді.
* 2025 жылғы Жобалау офисі туралы Ереже SMART ENU-де орналастырылған.
2025 жылғы Имидждік жобалар
Халықаралық ынтымақтастықты нығайту және ЕҰУ-дың тұрақты имиджін қалыптастыру мақсатында келесі бастамалар жүзеге асырылуда және іске қосуға дайындалуда:
- ЕҰУ базасында ММҚИ филиалын ашу;
- «Bolashak Pro» кәсіби және көшбасшылық даму клубы;
- Лубань шеберханасы (Тяньцзинь кәсіптік университетімен бірлесіп);
- «TWO BRIDGES ENU» халықаралық байқауы;
- Қазақстандағы Summer School of Russian & Eurasian Studies (SSRES);
- «Жүрекпен көру: Табиғат саусақ ұшында» ЭКОART жобасы;
- «ENU.VIDEOCAST – Шекарасыз білім» мультимедиялық жобасы.
Әрбір жоба серіктестік желіні кеңейтуге және университеттің халықаралық деңгейдегі танымалдылығын арттыруға бағытталған.
|
№ |
Жобаның атауы |
Стратегиялық бағыт |
Жоба жетекшісі |
Жобаның мақсаты |
Іске асыру мерзімдері |
|
1 |
ERULIK |
2-стратегиялық бағыт «Академиялық басымдық» |
Тілеп Жамбыл Амангелдіұлы, Әлеуметтік және азаматтық даму департаментінің директоры |
Университеттің шетелдік студенттеріне арналған ақпараттық және әлеуметтік-мәдени қолдауды қамтитын бейімделудің кешенді жүйесін құру, шетелдік білім алушылардың кемінде 50%-ының қатысуын қамтамасыз ету, жобаға қатысушылардың кемінде 75%-ының бейімделу деңгейін арттыру (кіріс және қорытынды мониторинг деректері бойынша). |
2026 жылғы Наурыз-Қараша |
|
2 |
«Ұрпақтар диалогы» |
2-стратегиялық бағыт «Академиялық басымдық» |
Ильясова Әсем Серіковна, Үздіксіз білім беру институтының (EMBA) директоры |
Бірлескен жобалар, тәлімгерлік және қатысушылардың цифрлық және әлеуметтік қосылуын арттыру арқылы ұрпақтар арасындағы өзара іс-қимылды дамыту. |
2026 жылғы Қаңтар-Наурыз |
|
3 |
«1+2» Model: Inclusive Volunteering Workshops |
2-стратегиялық бағыт «Академиялық басымдық» |
Ковалева Ярослава Николаевна, Инклюзивті қолдау орталығының Жетекшісі |
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар (ЕБҚ) студенттерді сүйемелдеуге бағытталған «1+2» моделі бойынша Астана қаласының жоғары оқу орындары мен колледждерінің инклюзивті білім беруді үйлестіретін еріктілері мен қызметкерлеріне арналған оқыту семинарларын өткізу. |
2026 жылғы Қаңтар-Желтоқсан |
|
4 |
«My Story, My University, My World» |
3-стратегиялық бағыт «Интернационалдандыру және халықаралық бәсекеге қабілеттілікті арттыру» |
Оразалиев Бақытжан Асетилдаевич, Ғылыми кітапхана директоры |
ЕҰУ-дің 30 жылдығына орай жария сөйлеу дағдылары мен академиялық ағылшын тілін дамытуға арналған ағылшын тілді сторителлинг-жобасын іске асыру. |
2026 жылғы Наурыз-Сәуір |
|
5 |
QS Eurasia Forum |
3-стратегиялық бағыт «Интернационалдандыру және халықаралық бәсекеге қабілеттілікті арттыру» |
Кармелюк Анастасия Вячеславовна, Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры |
Университеттің 30 жылдығына орай халықаралық QS Eurasia Forum-ын ұйымдастыру және өткізу арқылы Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің Еуразия өңірінің жетекші ғылыми-білім беру хабы ретіндегі халықаралық имиджі мен академиялық беделін нығайту. |
2026 жылғы Ақпан-Қараша |
|
6 |
«Голоса Литературы» |
4-стратегиялық бағыт «Білім алушылар мен оқытушылар үшін инновациялық экожүйе құру» |
Уайсбаева Алина Геннадьевна, Орыс филологиясы кафедрасының оқытушысы |
Аудио форматта әдебиет туралы мазмұнды әңгімелесу алаңын құру және әдеби подкастарды дайындау арқылы студенттердің ауызша академиялық сөйлеу, жария сөйлеу, талдамалы ойлау дағдыларын дамыту және кітап оқуды насихаттау. |
2026 жылғы Наурыз-Желтоқсан |
|
7 |
Индивидуальный План Преподавателя (практическая часть ) |
4-стратегиялық бағыт «Білім алушылар мен оқытушылар үшін инновациялық экожүйе құру» |
Омарбекова Асель Сайлаубековна, Цифрлық даму департаментінің директоры |
Индивидуальный План Преподавателя (ИПП) қалыптастыру мен есепке алудың цифрлық жүйесін енгізу және оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету. |
2026 жылғы Қаңтар-Желтоқсан |
|
8 |
Ценные Лекции |
4-стратегиялық бағыт «Білім алушылар мен оқытушылар үшін инновациялық экожүйе құру» |
Сабитова Лейля Сейтжапаровна, Онлайн оқыту департаментінің директоры |
Беделді сарапшылардың мұрағаттық дәрістері негізінде «Ценные Лекции» онлайн-курсын әзірлеу және іске қосу. |
2026 жылғы Наурыз-Қараша |
|
9 |
Методы адаптивного обучения на основе искусственного интеллекта для повышения качества образования |
4-стратегиялық бағыт «Білім алушылар мен оқытушылар үшін инновациялық экожүйе құру» |
Рсымбетов Кайрат Сансызбаевич, Математикалық және компьютерлік модельдеу кафедрасының қауымдастырылған доценті |
Жасанды интеллект негізінде бейімделген оқыту әдісін әзірлеу және енгізу. |
2026 жылғы Қаңтар-Желтоқсан |
|
10 |
avENUue (сериал) |
4-стратегиялық бағыт «Білім алушылар мен оқытушылар үшін инновациялық экожүйе құру» |
Смаилова Асемгуль Бакытжановна, Маркетинг және түлектермен байланыс бөлімінің бастығы |
ЕҰУ брендінің танымалдылығын арттыру және қауымдастықпен эмоционалды байланысты нығайту мақсатында имидждік бейне сериал жасау және шығару. |
2026 жылғы Наурыз-Желтоқсан |
|
11 |
ENUDocHub |
4-стратегиялық бағыт «Білім алушылар мен оқытушылар үшін инновациялық экожүйе құру» |
Кенесбаева Динара Жумагалиевна, Ішкі бақылау және академиялық комплаенс бөлімінің бастығы |
Smart.ENU базасында ішкі құжаттарды басқарудың бірыңғай орталықтандырылған цифрлық экожүйесін құру. |
2026 жылғы Қаңтар-Желтоқсан |
|
12 |
«MOTIVATION DAY для сотрудников ЕНУ» |
5-стратегиялық бағыт «Басқару және қаржыландыру жүйесінің тиімділігі мен айқындығын арттыру» |
Майканов Ануар Сапаргалиевич, Әкімшілік департаменттің директоры |
Қызметкерлердің кәсіби және жеке тиімділігін арттыруға бағытталған корпоративтік дамыту алаңын құру. |
2026 жылғы Ақпан-Қараша |
|
13 |
ENU SDGs Hub |
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің Тұрақты даму саласындағы саясатын іске асыру шеңберінде |
Рахимова Несвеля Рахимовна, Тұрақты даму орталығының Жетекшісі |
БҰҰ ТДМ ілгерілету бойынша студенттерді, қызметкерлерді және серіктестерді біріктіретін ENU SDGs Hub университеттік платформасын құру. |
2026 жылғы Сәуір-Желтоқсан |
|
14 |
Guest Campus |
3-стратегиялық бағыт «Интернационалдандыру және халықаралық бәсекеге қабілеттілікті арттыру» |
Жуматаев Азамат Адилгазыевич, Студенттік және қызметтік тұрғын үй департаментінің директоры |
Шетелдік профессорлар мен қонақтарға арналған қонақүй қабатын ашу. |
2026-2030 жж. |
|
15 |
Документальный фильм «30 лет - созидание ЕНУ» |
5-стратегиялық бағыт «Басқару және қаржыландыру жүйесінің тиімділігі мен айқындығын арттыру» |
Ерденбек Ербол Сейтқалиұлы, Ақпараттық орталығының жетекшісі |
Университеттің негізгі құндылықтарын көрсету, ұрпақтар сабақтастығы жүйесін бейнелеу. |
2026 жылғы Қаңтар-Қараша |
|
16 |
Автоэкспедиция «Наследие Алтая» |
5-стратегиялық бағыт «Басқару және қаржыландыру жүйесінің тиімділігі мен айқындығын арттыру» |
Майканов Ануар Сапаргалиевич, Әкімшілік департаменттің директоры Алимбеков Аян Галымжанович Әкімшілік департаменті: Директордың орынбасары |
Қазақстан Республикасының жетістіктерін және ЕҰУ-дің 30 жылдығын насихаттау. |
2026 жылғы Маусым-Қараша |
|
17 |
"Внедрение централизованной системы управления кампусными мониторами (Digital Signage) в экосистеме Smart.ENU" |
4-стратегиялық бағыт «Білім алушылар мен оқытушылар үшін инновациялық экожүйе құру» |
Бекманова Гульмира Тылеубердиевна Басқарма : Басқарма мүшесі - Цифрландыру жөніндегі проректор - Цифрлық офицер |
Smart.ENU экожүйесіне кампустық мониторларды орталықтандырылған басқару жүйесін енгізу. |
2026 жылғы Ақпан-Тамыз |
|
18 |
Почтовая марка 30 лет ЕНУ |
5-стратегиялық бағыт «Басқару және қаржыландыру жүйесінің тиімділігі мен айқындығын арттыру» |
Алимбеков Аян Галымжанович Әкімшілік департаменті: Директордың орынбасары |
ЕҰУ-дің 30 жылдығына арналған мерейтойлық пошта маркасын шығаруды қамтамасыз ету. |
2026 жылғы Мамыр-Желтоқсан |
|
19 |
ENU MADE |
5-стратегиялық бағыт «Басқару және қаржыландыру жүйесінің тиімділігі мен айқындығын арттыру» |
Алимбеков Аян Галымжанович Әкімшілік департаменті: Директордың орынбасары |
Университет зертханасының бірегей өнімдерін сыйлық орамасында шығаруды және таратуды қамтамасыз ету. |
2026 жылғы Мамыр-Желтоқсан |
|
20 |
«ЕНУ – юбилейный обзор в цифрах» |
4-стратегиялық бағыт «Білім алушылар мен оқытушылар үшін инновациялық экожүйе құру» |
Сарсекова Сония Амангалиевна, Инфрақұрылымды дамыту департаменті: Директордың қамтамасыз ету және экономика жөніндегі орынбасары |
Басқарушылық аналитикада жүйелі пайдалану үшін 30 жыл ішіндегі Қоғам қызметінің негізгі көрсеткіштерінің бірыңғай расталған жиынтығын құру. |
2026 жылғы Сәуір-Қараша |
|
21 |
Кафедра писателей «QALAM» |
2 және 5 кешенді стратегиялық бағыт |
Оразалиев Бақытжан Асетилдаевич, Ғылыми кітапхана директоры |
ЕҰУ кітапханасының кабинеттерін жаңғырту, «QALAM» әдеби кеңістігін және «OQYRMAN» кітап дүкенін құру. |
2026 жылғы Наурыз-Қазан |
|
22 |
Видеопроект «Истории успеха ЕНУ: выдающиеся выпускники» к юбилею НАО “Евразийский национальный университет имени Л.Н.Гумилева” |
2-стратегиялық бағыт «Академиялық басымдық» |
Қашхынбай Байжұман Балтабайұлы, Академиялық мәселелер жөніндегі департаменттің директоры |
ЕҰУ-дің көрнекті түлектері туралы кемінде 30 бейнеролик жасау және жариялау. |
2026 жылғы Наурыз-Сәуір |
|
23 |
Развитие образовательной, научной и коворкинг-инфраструктуры Института цифровых наук и искусственного интеллекта (IDSAI) |
1-стратегиялық бағыт «Ғылым мен инновация, коммерцияландыру және технологиялар трансфері» |
Сейілов Шахмаран Жүрсінбекұлы, Цифрлық ғылымдар және жасанды интеллект институт факультетінің деканы |
Цифрлық ғылымдар және жасанды интеллект институтының заманауи білім беру және ғылыми инфрақұрылымын құру. |
2026 жылғы Ақпан-Желтоқсан |
|
Лауазымы |
Аты-жөні |
Ішкі нөмір |
Кабинет |
Ғимарат |
|
Жобалық офис жетекшісі |
Ирина Янушкевич |
31-244 |
221 |
Оқу-әкімшілік корпус (Бас ғимарат) |
|
Жобалық офисінің бас маманы |
Томирис Асылханова |
31-244 |
221 |
Оқу-әкімшілік корпус (Бас ғимарат) |
|
Жобалық офисінің бас маманы |
Сәбит Елдос Жасқайратұлы |
31-263 |
221 |
Оқу-әкімшілік корпус (Бас ғимарат) |
Бізді Instagram парақшасынан таба аласыз: @enu_project_office
Сондай-ақ LinkedIn-де — «Вестник проектов Евразийского Национального Университета» парақшасында — жаңа жобалар мен жаңалықтарды жариялап отырамыз.
Университеттің стратегиялық басымдықтары аясында Жобалау офисі 2025 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғылыми, білім беру, мәдени, спорттық және әлеуметтік әлеуетін дамытуға бағытталған 30 жобадан тұратын портфельді басқарды.
2025 жылдың қорытындысы бойынша портфельдегі барлық жобалар сәтті аяқталып, ЕҰУ-дың академиялық ортасын жетілдіруге, студенттер мен қызметкерлер үшін жаңа мүмкіндіктерді кеңейтуге ықпал етті.
Сонымен қатар, 2026 жылға жоспарланған жобалардың бір бөлігі университеттің 30 жылдығына орайластырылып, мерейтой аясында инфрақұрылымды жаңғыртуға, университет имиджін нығайтуға және студенттік орта сапасын арттыруға бағытталған.
Жобалар портфелінің толық әрі табысты іске асырылуы Жобалау офисінің тиімділігін және оның университеттің стратегиялық дамуы мен жаңғыртылуына қосқан үлесін көрсетеді.
2026 жылы Жобалық кеңсе 23 жобаны бақылайды, оның ішінде 2025 жылдан бастап 3 жоба:
- Guest Campus
- Документальный фильм «ЕНУ — 30 лет созидания »
- Автоэкспедиция «Наследие Алтая»
