
Маркетинг және түлектермен байланыс бөлімі Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің танымалдылығын арттыруға, дарынды студенттер мен серіктестерді тартуға, сонымен қатар университет брендін дамытуға бағытталған маркетингтік стратегияны әзірлеуге және іске асыруға жауапты құрылымдық бөлімшесі болып табылады.



Университетіміздің келбеті бол!
Сізде харизма, талант және ENU келбеті болуға деген ұмтылыс бар ма?
Олай болса бұл байқау ДӘЛ СІЗ ҮШІН!
Сізді не күтіп тұр:
- Жарнамалық науқандарда
- Университеттің бейнероликтерінде
- Баспа материалдарында
- Онлайн жарнамаларда пайда болу
Тіркеу ашық! Төмендегі сілтеме арқылы деректерді толтырыңыз.
Толтырылған деректерді «marketing.tulek@enu.kz» e-mail-не жіберіңіз!
Байқауға қатысу үшін өтініштер 24.01.2025 ж. дейін қабылданады.
Бұл біздің университеттің алға жылжуына өз үлесіңізді қосудың бірегей мүмкіндігі.
Барлық сұрақтар бойынша Маркетинг және түлектермен байланыс бөліміне жүгіне аласыз.

ENU университет елтаңбасын жасауға байқау жариялайды! Бұл сіздің университеттің корпоративтік мәдениетін дамытуға үлес қосып, 200 000 теңге ұтып алатын мүмкіндігіңіз!
Жұмыстарды қабылдау: 28.01.2025 ж. - 28.02.2025 ж.
Не істеу керек?
- ENU құндылықтары мен миссиясын бірегей және заманауи стильде көрсететін елтаңба жасаңыз.
- Символды сипаттайтын түсіндірме жазба дайындаңыз.
Жұмысыңызды marketing.tulek@enu.kz электронды поштасына жіберіңіз.
Кім қатыса алады?
ENU студенттері, түлектері, оқытушылары мен қызметкерлері.
Біз сіздің идеяларыңызды күтеміз!
Байқау туралы ереже сілтемеде.

Мекенжай: 010008 Астана қ., Сатпаев к., 2, Оқу әкімшілік ғимараты, 321 а каб.
e-mail: marketing.tulek@enu.kz
ішкі тел.: 31-378
