
Ақпараттық орталық (АО) университеттің сыртқы және ішкі коммуникацияларын үйлестірумен, ЖОО имиджін қалыптастырумен және оның тұжырымдамасын республикалық және халықаралық деңгейде іске асырумен айналысады.
Ақпараттық орталық жұмысының маңызды бағыты ЕҰУ қызметін жан-жақты көрсету үшін БАҚ-пен байланыс орнату және дамыту; ресми әлеуметтік желілерде университеттің толық өкілдігі.
АО-тың басым міндеттерінің бірі – ғылыми-көпшілік жобаларды, іскерлік кездесулерді, көрмелерді, экскурсияларды, презентацияларды және университеттің танымалдылығын арттыруға бағытталған басқа да іс-шараларды ұйымдастыру болып табылады.
Ақпараттық орталықтың қызмет ету аясына сондай-ақ билік органдарымен, республикалық және облыстық білім беру мекемелерімен, қоғамдық бірлестіктермен, бизнес құрылымдармен және т.б. байланыстар мен өзара іс-қимыл жасау кіреді.
Құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, қадірлі әріптестер!
ЕҰУ Ақпараттық орталығы (Баспасөз қызметі) ынтымақтастық үшін әрқашан ашық және Сіздерге университет, іс-шаралар, оның қабырғасында жүргізіліп жатқан зерттеулер, сонымен қатар университетіміздің көрнекті тұлғалары туралы барлық қажетті ақпаратты жедел жеткізуге дайын.
Университет сарапшыларымен сұхбат ұйымдастыру, ресми түсініктемелер алу, университеттік іс-шараларға БАҚ қатысу, университет аумағында фото және бейне түсіру үшін presssluzhba@enu.kz электронды поштамызға редакцияның бланкісіне басылған ресми жазбаша сұрау жіберіңіз, онда төмендегідей ақпарат болуы керек:
- негізгі тақырып (сұрау тақырыбы);
- сұрақтар тізімі;
- берілген ақпарат қашан, қайда және қандай контексте пайдаланылады;
- редакцияның және корреспонденттің байланыс деректері.
ЕҰУ-да өткізілетін іс-шараларға аккредиттеу, бейнетүсірілімге рұқсат алу, сұхбат ұйымдастыру мәселелері бойынша presssluzhba@enu.kz электрондық пошта арқылы да хабарласуларыңызды сұраймыз.
Университет атауларын БАҚ-қа пайдаланғанда төмендегі нұсқаларды алуларыңызды сұраймыз:
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КеАҚ
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ
ЕҰУ

Ерденбек Ербол Сейтқалиұлы
г.Астана, ул.Сатпаева, 2
+7 (7172) 709500, ішкі: 31-119

Университет рәмізі – Алтын Сақ жауынгері
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің логотипінде стилдендірілген Алтын Сақ жауынгері бейнеленген. Логотипке «Алтын адам» (б.з.д. VI-V ғасыр) археологиялық жәдігерлігі мотиві бойынша түрколог-ғалым М. Жолдасбековтің идеясы негіз болған.
Университет логотипі - алға ұмтылуды, өмірді қуаттайтын күшті, өзгеріс пен жетістікке ұмтылуды, уақыт пен кеңістік байланысын, сондай-ақ мәдени шынайылық пен көшпелі өркениетті меңзейді.
«Алтын адамның» сақ ақсүйектерінің өкілі екеніне таңғажайып әскери нақыштағы алтын киімі, сакралды мағынаға ие бас киімінің қайталанбас ерекшеліктері мен шебер өрнектелген әскери жабдықтары дәлел.
Негізгі элемент – қазанат (жауынгерлік сәйгүлік) – әлемнің еуразиялық бейнесіндегі культі әрі қазынасы болумен бірге адам мен жылқы арасындағы мыңдаған жылғы дәстүрлі тығыз байланысты айқындайды. Қазақ халқының тағдыры осы қуатты түлікпен біте қайнасқан. Жауынгерлік сәйгүлік – ұлттың ақылдылықты, даналықты, тектілікті, серпінді күшті, сұлулықты бейнелейтін айрықша аңсары. Сонымен қатар жылқы – уақыттың циклдық дамуының ежелгі рәмізі, батылдық пен қуатты биліктің нышаны.
Алтын киімді сақ жауынгерінің бейнесінде Еуразия кеңістігінде өткен оқиғалардың тарихи бастаулары логотиптің тарихи жанрға лайықтап жасалғанын түсіндіреді. Бізге жеткен мұра - еуразиялықтардың материалдық және рухани мәдениетінің құрамдас бөлігі.
Еуразия жүрегінде орналасқан заманауи университеттің логотипін жасау барысында, «Алтын адам» - ең алдымен, қазақ халқының тәуелсіздігі мен еркіндігінің рәмізі, Қазақстан идеологиясының өзегі екендігі ескерілді.
Бұл логотип - «еуразияшылдық» идеясын жеткізушісі, ол Шығыс пен Батыстың біртұтастығын, қарама-қарсы бастаулардың бірлігін, сан алуан мәдени құндылықтардың үйлесімділігін ассоциативті, интуитивті деңгейде нақты түсіндіреді. Сондықтан Сақ алтын жауынгерінің туған жерін әуелгі қорғаушы және Еуразия кеңістігін бірлігінің рәмізі ретінде көрінуі заңды.
Шабандоз бейнесінің ішкі динамикасы оның сыртқы динамикасымен ілесе ілгері ұмтылады, бұл - перманентті алға қарай серпіліс пен дамудың идеалы. Осы құбылыс Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қызметінде толыққанды көрініс табады.







