
Аймұхамбет Жанат Әскербекқызы
Білімі:
1982ж. – 1987ж. - Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық университеті, филолог, қазақ тілі мен әдебиетінің оқытушысы
Жұмыс тәжірибесі:
1987ж. – 1995ж. - Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Қазақстанның 40 жылдығы атындағы мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
1995ж. – 2000 ж. - Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті қазақ әдебиеті кафедрасының оқытушысы.
2000 ж. – қазіргі уақытқа дейін - Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті қазақ әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, доценті (2005), профессоры м.а., (2013), профессоры (2025).
Ғылыми дәрежесі, атағы:
Филология ғылымдарының докторы, профессор.
Ғылыми-педагогикалық еңбектері
Монография:
«Миф дүниесі және көркемдік әлем» (2004), «Даңғыл» (2007), «Көркемдік өріс» (2009), «Мифтің поэтикадағы қызметі» (2010), «Поэзия и миф» (2012), «Миф. Мифология. Мифопоэтика» (2017), «Абай поэзиясы мифопоэтикалық талдау аспектісінде (2022) «Сөз өнеріндегі мәтін мен шығарма кеңістігі (2023), Абай поэзиясы: Көркем антропология. Мотив және актант (2024).
Оқулық, оқу құралдары:
«Қазақ фольклоры» (С.Қасқабасовпен бірге, 2017); «Мифопоэтика» (2015,2016,2017); «ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті» (2014, 2015, 2016), «Әдебиет теориясы» (2022), «Структуралық әдебиеттану және мәтін талдау» (2025).
Поэтикалық жинақтары:
«Қаракөз-бұлақ». Өлеңдер ( 2001), «Қаңтардағы қызыл гүл». Өлеңдер. (2001), «Көк түріктер әуені».Өлеңдер (2002), «Қаз қанатындағы ғұмыр». Өлеңдер мен поэма (2007), «Ай-тамғы». Өлеңдер (2014), «Век на крыльях гусей». Сборник стихов / под ред. Б. Канапьянова. перевод с казахского языка С. Мнацаканян (2016), «Бұлт болып көшеді өлең». Өлеңдер мен аудармалар (2016), «Қыш тақтадағы сына жазу». Өлеңдер (2019), «Миф-о-поэзия» (2022), «Үркек күндей үркерім» (2024).
Аудармалары:
«Сакура гүлдегенде». Жапон поэзиясы (аударған Ж.Әскербекқызы)
Тәжірибелік дағдылары:
ҚР ҒЖБМ жанындағы ҰҒК мүшесі (2019-2021 жж.);
Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы сараптамадан өткізетін оқулықтар сарапшысы;
Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы сараптаудан өткізетін ғылыми жобалар сарапшысы.
Марапаттары мен жетістіктері:
- ҚР БҒМ «ЖОО үздік оқытушысы – 2011» грантының иегері;
- Аккредиттеу және Рейтинг Тәуелсіз Агенттігінің (НААР) қорытындысы бойынша ҚР ЖОО оқытушыларының «ТОП-30» тізіміне кірген (2014);
- ҚР БҒМ «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісінің иегері (2015);
- ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясының иегері (2016);
- Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2016);
- Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хаты (2019);
- Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері (2021);
- ҚР ҒЖБМ «Үздік ғылыми қызметкер» сыйлығының иегері (2022);
- Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері (2023);
- ҚР ҒЖБМ «Ана тілін тілін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісінің иегері (2025);
- ҚР Президенті Алғысы және «Алтын Барыс» төс белгісі.

