
Практикалық сабақтардың бекітілген силлабусқа сәйкестігі туралы
B010-1510-23-03 және B010-1510-23-05 топтары оқытушы Пармонова Гулмира Рахматкызының оқу жүктемесіне 2026 жылғы 14 қыркүйектен бастап енгізілген. Осы күннен бастап «Физика сабағын зерттеу» пәні бойынша сабақтар бекітілген кестеге сәйкес жүргізілген.
Практикалық тапсырмалар силлабус тақырыптарына негізделіп, студенттердің педагогикалық практикасымен байланыстырылған. Атап айтқанда, 2-аптада зерттеу жұмысының ерекшеліктері түсіндірілсе, 3-аптада өлшенетін зерттеу сұрағын нақтылау мақсатында ҚМЖ әзірленген. 4-аптада ҚМЖ-ға әдістемелік талдау жүргізіліп, 5-аптада өткізілген сабақтарға рефлексия жасалған. 6-аптада графиктік тапсырмалар арқылы оқушылардың ықтимал қателерін анықтау және нәтижелерді талдау жұмыстары орындалған.
Студенттердің педагогикалық практикасына байланысты 5 және 6-апта тапсырмаларының орындалу реті өзгертілгенімен, силлабус мазмұны толық қамтылған. Тапсырмаларды орындау талаптары түсіндіріліп, студенттерге кері байланыс берілген және жұмыстарын түзетіп, қайта ұсынуға мүмкіндік жасалған.
Бағалау талаптары мен критерийлері туралы
Бағалау талаптары студенттерге сабақ барысында ауызша түсіндірілген. Бағалау кезінде тапсырманың толықтығы, физикалық және әдістемелік мазмұнның дұрыстығы, дербес талдау, дәлелдеу және қорытынды жасау сапасы ескерілген.
Студенттерге жұмыстарын толықтыруға қосымша 3–4 күн берілген. Тексеру барысында кейбір жұмыстарда ұқсас жауаптар, дереккөздері көрсетілмеген интернет материалдары және жасанды интеллект көмегімен дайындалған мәтіндерді дербес талдаусыз пайдалану белгілері байқалған. Алайда ЖИ құралдарын қолдану фактісінің өзі бағаны төмендетуге негіз болмаған.
Бағалар нақты орындалған және тексерілген жұмыстар негізінде Platonus жүйесіне енгізілген. Студенттердің жұмыстары Google Drive папкасында сақталғандықтан, әрбір бағаның негізділігін тексеруге мүмкіндік бар.
Сабаққа қатысу және Platonus жүйесінде бағаларды тіркеу туралы
Студент отбасылық жағдайына байланысты сабаққа қатыса алмайтынын оқытушыға хабарлаған. Дегенмен берілген практикалық тапсырманы белгіленген мерзімде орындап, Google Drive жүйесіне жүктеген.
Практикалық жұмыстарды орындауға студенттерге 4–5 күн берілгендіктен, тапсырмаларды сабақтан тыс уақытта аяқтауға мүмкіндік қарастырылған.
Осыған байланысты студенттің сабаққа қатысуы мен тапсырманы орындау нәтижесі бөлек қарастырылған. Platonus жүйесіне енгізілген баға сабаққа қатысу фактісіне емес, студенттің нақты орындаған және тексерілген практикалық жұмысының нәтижесіне негізделген.
Добрый день!
В нашем университете реализуется группа образовательных программ B017-Подготовка учителей русского языка и литературы.
Проходной балл для поступления на 2026–2027 учебный год составил 115 баллов. Информация о проходном балле на 2027–2028 учебный год будет опубликована в начале следующего года на официальном сайте ЕНУ.
Пороговый балл - балл для зачисления на платной основе, а также для участия в конкурсе на присуждение образовательных грантов. Присуждение гранта осуществляется на конкурсной основе в соответствии с количеством выделенных МНВО РК образовательных грантов и количеством абитуриентов, участвующих в конкурсе.Со списком образовательных грантов на 2027–2028 учебный год можно будет ознакомиться на официальном сайте Национального центра тестирования (НЦТ) после его публикации.
Добрый день!
Вы можете связаться по следующим телефонам: +7 (7172) 49-72-98, +7 (708) 526-78-82 или +7 (701) 613-00-08.
Добрый день!
Вы можете уточнить данную информацию на кафедре, на которой обучаетесь.
Қайырлы күн!
Жалпы орта білімі бар, мерзімді әскери қызметті өткерген азаматтар әскери қызметтен кейін екі жыл ішінде ақылы негізде ҰБТ тапсырмай оқуға қабылданады.
Құжаттарды әңгімелесуге қабылдау 24 шілдеден 4 тамызға дейін жүргізіледі, ал әңгімелесу күнтізбелік жылдың 5 тамызы мен 10 тамыз аралығында өткізіледі.
Добрый день
Пройдя по указанной внизу ссылке, Вы можете ознакомиться с условиями перевода из зарубежного вуза в вуз РК.
Перевод студентов из зарубежных вузов и с заочного/дистанционного обучения рассматривает специальная комиссия.
https://enu.kz/ru/page/for-students%2Fregistrars-virtual-office%2Fquestion-consultations
Қайырлы күн! "Халықаралық құқық" білім беру бағдарламасына ауысу бойынша білім алушыларды қабылдамайды.
Құрметті Тілектес Ерешұлы!
Сіздің 2026 жылғы 28 қыркүйектегі өтінішіңіз қаралды.
Өтініште келтірілген уәждерге қатысты келесіні хабарлаймыз.
Сіздің атыңыздан еңбек қатынастарын тоқтату туралы қандай да бір өтінішті басқа тұлғалар жазбаған, оған қол қоймаған және еңбек шартын бұзуға негіз ретінде жұмыс берушіге ұсынбаған.
Сізбен жасалған еңбек шартын бұзу қызметкердің өтініші негізінде емес, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағының 24) тармақшасына сәйкес, зейнеткерлік жасқа толуыңызға байланысты жұмыс берушінің бастамасымен жүзеге асырылды.
2026 жылғы 28 қыркүйекте Сізге осы негіз бойынша еңбек шартын бұзу туралы хабарлама табыс етіліп, оның мазмұнымен таныстырылдыңыз.
Кейін жұмыс беруші еңбек шартын бұзу туралы тиісті бұйрық шығарды. 2026 жылғы 28 қыркүйекте Қызметкерлер басқармасында аталған бұйрық Сізге танысу үшін ұсынылды. Сіз бұйрықтың мазмұнымен таныстыңыз, алайда танысқаныңызды жеке қолтаңбаңызбен растаудан бас тарттыңыз. Осыған байланысты қызметкерлер басқармасының қызметкерлері тиісті акт жасады.
Бұдан бөлек, еңбек шартын бұзу туралы бұйрықтың көшірмесі және тиісті акт Сіздің жеке ісіңізде көрсетілген tileubaev@mail.ru электрондық пошта мекенжайыңызға жіберілді.
Осылайша, өтініште Сіздің атыңыздан басқа тұлғалардың өтініш құрастырып, оған қол қойғаны туралы келтірілген тұжырым нақты мән-жайларға сәйкес келмейді. Еңбек шартын бұзу туралы шешімді жұмыс беруші еңбек заңнамасында көзделген негізге сәйкес өз бетінше қабылдады және ол жұмыс берушінің тиісті актісімен ресімделді.
Сәлеметсіз бе! Сұрағыңыз үшін рақмет.
Университет аумағында тазалықты сақтау және темекі шегуге тыйым салынған орындарда құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі өтінішіңізге жауап ретінде келесіні хабарлаймыз.
Қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес университет аумағында, оның ішінде оқу корпустары мен жатақханалар маңында арнайы темекі шегу орындарын ұйымдастыруға жол берілмейді.
Алайда университет аумағына жатпайтын жерде арнайы темекі шегу орнын ұйымдастыру мәселесі Астана қаласының әкімдігімен қосымша пысықталатын болады.
Сонымен қатар, тазалықты сақтау, бақылауды күшейту және құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ұсыныстарыңыз назарға алынды. Аталған мәселелер Университет тарапынан бақылауға алынып, ескерту белгілерін жаңарту, бейнебақылау және бақылау шараларын күшейту, қосымша қоқыс жәшіктерін орнату, сондай-ақ тазалық пен өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тиісті жұмыстар жүргізілетін болады.
Университет ортасын жақсартуға бағытталған ұсыныстарыңыз бен белсенді азаматтық ұстанымыңыз үшін алғыс білдіреміз.
Қайырлы күн! Келесі жылы гранттар бөліне ма жоқ па әлі белгісіз. Белгілі болғаннан кейін Ғылым және жоғары білім министрлігі ресми ақпараттық желілерінде жариялайтын болады.
