
ЕҰУ Ташкентте Green Energy Management-2025 Central Asia Edition жазғы мектебін бірлесіп ұйымдастырды





Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті 23-27 маусым аралығында Мирзо Улугбек атындағы Өзбекстан Ұлттық университеті мен Ташкент техникалық университетінде өтетін Green Energy Management-2025 Central Asia Edition жазғы мектебін бірлесіп ұйымдастырды. Бұл Орталық Азия аймағындағы 7-ші мектеп, оның бастамашысы 2017 жылы Еуразия ұлттық университеті болды. Мектепті Италия, Испания, Әзірбайжан, Албания, Қазақстан, Қырғызстан университеттері кіретін SILKWAY консорциумы өткізеді.
2017 жылдан 2023 жылға дейін Еуразия ұлттық университеті Орталық Азияда GEM өткізу орны болды. SILKWAY консорциумы шеңберіндегі мектеп пен ынтымақтастықтың тұрақты даму мақсаттарын енгізу және ілгерілету бөлігінде ЕҰУ-дың даму стратегиясына зор әсерін атап өту қажет. Осылайша, мектеп Eni компаниясымен ынтымақтастықты нығайтуға, Eni ECU корпоративтік университетімен бірлесіп «GREEN ENERGY TECHNOLOGIES» жаңа магистрлік бағдарламасын енгізуге, Италияның жоғары оқу орындарымен Падов университетімен, Турин политехникалық университетімен ынтымақтастықты жолға қоюға, университет қызметінде және мәдениетінде тұрақты даму күн тәртібін ілгерілету үшін «Жасыл кеңсені» іске қосуға ықпал етті.
Ынтымақтастықтың бұл жағдайы халықаралық ұйымдарды осындай іс-шараларды өткізуге шабыттандырды және маусым айының басында ЕҰУ Германия Федеративтік Республикасының Қазақстандағы елшілігімен бірлесіп «Eurasian Climate Talks» мектебін өткізді.
GEM 2025 Орталық Азияның 5 және Түркі елдері ұйымының 4 елін біріктірді. Мектеп Италия, Нидерланды, Қазақстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түркіменстан студенттерін жинады.
Осы апта студенттерге бизнес, жаңартылатын энергия, тұрақтылық, химия, энергетикалық транзит, HR және т.б. саладағы сарапшылардың дәрістеріне қатысуға мүмкіндік береді, бұл күн тәртібін пәнаралық және қызықты етеді.
Айта кетейік, өткен жылы ЕҰУ Ош мемлекеттік университетінің қолдауымен Қырғызстанда GEM ішшарасын өткізді .
