
2026-2027 жж ЕҰУ шетелдік ғалымдар бағдарламасы (университет қаражаты есебінен)
Шақырылу мерзімі:
Ұзақ мерзімді кезең (офлайн/ онлайн) - семестр / академиялық жыл
Қысқа мерзімді кезең (тек қашықтық форматы) – кемінде 3 ай.
Қысқа мерзімді кезең (офлайн) – 1 ай.
Қатысу талаптары:
шетел азаматығы;
шетелдік жоғары оқу орнының/ұйымның немесе ғылыми зерттеу мектебінің/ зертхананың қызметкері;
ғылыми/ академиялық дәрежесінің болуы (ғылым докторы, философия докторы (PhD), ғылым кандидаты, магистр (тек тілдік мамандықтар үшін)) немесе оқытылатын пәндердің бейініне сәйкес мамандығы бойынша шетелдік маман, практик;
Қаржылық шарттар:
Қысқа мерзімді кезең (офлайн): Гонорар - барлық кезең үшін 2 160 000 теңге. *Осы ақыға жалақы, тұру, ұшу, медициналық сақтандыру, виза және т.б. сияқты барлық шығындар кіреді.
Ұзақ мерзімді кезең және Қысқа мерзімді кезең (онлайн); Еңбекақы баллдық факторлық әдіске сәйкес есептеледі. Толық ақпарат үшін сілтемеде берілген кестемен танысуыңызды сұраймыз https://enu.kz/kz/page/cooperation/foreign-specialists. Офлайн форматта тартылған жағдайда ұзақ мерзімді кезеңге белгіленген қағидаларға сәйкес эконом-класс авиаүйлеуі қосымша төленеді, тұруға, медициналық сақтандыруға, визаға және т.б. шығыстарды қоса алғанда, барлық басқа шығыстар қызметкер дербес төлейді.
Шетелдік ғалымдар тиімділігінің негізгі көрсеткіштері:
- ұзақ мерзімді кезең үшін 1 семестрде кемінде 12 кредит (оқу жүктемесінің барлық түрлері) немесе қысқа мерзімді кезең үшін кемінде 90 академиялық сағат мөлшерінде дәріс және практикалық сабақтар өткізу;
- Web of SCIENCE/SCOPUS дерекқорына кіретін журналдарда ЕҰУ-дағы аффилиацияны көрсету шартымен / ЕҰУ ПОҚ-мен бірлесіп жарияланымдар дайындау;
- магистрлік және (немесе) докторлық диссертациямен бірге басшылықты немесе консультацияларды жүзеге асыру;
- ЖОО қызметкерлері, жас ғалымдар мен докторанттар үшін оқыту тренингтерін және семинарларын өткізу;
- министрлік ұсынған журналдарда және (немесе) халықаралық конференциялар жинақтарында, сондай-ақ рецензияланатын халықаралық конференциялар мен журналдарда ғылыми мақалалар дайындауға қатысу;
- кемінде бір ғылыми және (немесе) зерттеу жұмысына рецензия жүргізу;
- гранттық бағдарламаларға, халықаралық ғылыми зерттеулерге қатысу үшін жас ғалымдармен және (немесе) докторанттармен бірлесіп proposal даярлауды жүзеге асыру;
- ғылыми және (немесе) зерттеу жұмысын, білім беру бағдарламасын және (немесе) силлабустарды рецензиялау.
Бағдарламаға қатысу үшін:
- https://forms.gle/QZzNRrFGc1i11oLh8 сілтеме бойынша 5 маусымға дейін сауалнаманы толтырыңыз.
- хаттың тақырыбында "шетелдік ғалым (ЕҰУ қаражаты есебінен)" бағдарламасының атауын көрсете отырып келесі құжаттарды hr@enu.kz жіберу:
- төлқұжаттың көшірмесі,
- түйіндеме,
- ғылыми дәрежесін растайтын құжат,
- жұмыс орнын растайтын құжат
- халықаралық тануды растайтын құжаттар, қорғау құжаттарының болуы (практик-мамандар үшін), бейіні бойынша қауымдастықтарға мүшелік (практик-мамандар үшін).
Барлық сұрақтар бойынша халықаралық ынтымақтастық департаментіне хабарласыңыз 8(7172)70-95-00 (31-408, 31-417), enu.visiting.prof@gmail.com.
Докторанттардың ғылыми жетекшілігі – докторанттармен олардың диссертация тақырыбы бойынша шетелдік ғылыми жетекшісі (жергілікті бас ғылыми жетекшімен қатар) ретінде 3 жыл бойы онлайн форматтағы жұмыс.
Төлем докторанттар санына қарай есептеледі.
Негізгі критерийлер:
- сәйкес мамандық бойынша PhD дәрежесі немесе PhD диссертацияларына ғылыми жетекшілік ету тәжірибесі бар нақты ғылым салаларындағы доктор/кандидат;
- соңғы бес жылда докторантура профилі бойынша жоғары импакт-факторы бар жоғары рейтингті журналдарда кемінде он жарияланым.
Докторантқа шетелдік ғылыми кеңесші ретінде еңбек шартын жасасу үшін қажетті құжаттар:
- жарамды төлқұжаттың көшірмесі (шетел азаматтығы міндетті);
- түйіндеме және ғылыми жарияланымдар тізімі;
- ғылыми дәрежесін растайтын дипломдардың көшірмелері;
- жұмыс орнынан анықтама;
Өтініштерді келесі сілтеме бойынша жіберуге болады: https://forms.gle/ckFxjCgM1AsDWR2X7
Барлық қосымша сұрақтар бойынша Халықаралық ынтымақтастық департаментіне хабарласыңыз:
Телефон: 8 (7172) 70-95-00 (қосымша нөмірлер 31-408, 31-423, 31-417)
Электрондық пошта: enu.visiting.prof@gmail.com
