
19 сәуірде ЕҰУ-да«XXI ғасырдағы креативті индустриялар: генезисі, медиабағдарламалар, білім беру мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді

2025 жылғы 19 сәуірде сағат 10:00-де Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «XXI ғасырдағы креативті индустриялар: генезисі, медиабағдарламалар, білім беру мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.
Конференция тәжірибелі педагог, әдебиеттану және өнертану саласының маманы, филология ғылымдарының докторы, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Журналистика және әлеуметтік ғылымдар факультеті Баспасөз және баспа ісі кафедрасының профессоры А.Қ. Ишанованың мерейтойына арналады.
Іс-шара барысында отандық және халықаралық ғылыми қоғамдастықтардың өкілдері, жоғары оқу орындарының оқытушылары, масс-медиа басшылары, медиаиндустрия өкілдері, мерейтой иесінің әріптестері мен шәкірттері сөз сөйлейді.
Конференцияға қатысушылар журналистика мен әдебиеттанудың өзекті мәселелерін, қазіргі заманғы масс-медианың мәдениеттанулық, әлеуметтік, этикалық-философиялық проблемалары мен даму тенденцияларын талқылайды.
Конференцияға сондай-ақ жас зерттеушілер - докторанттар, магистранттар, ЖОО студенттері де қатысады.
Конференция жұмысы келесі секциялар бойынша жоспарланған:
- Қазіргі массмедиадағы креативті индустриялар дамуының негізгі тенденциялары;
- Әлеуметтік медианың әлеуметтік, философиялық, мәдениеттанулық, саяси, этикалық мәселелері;
- Жасанды интеллект, артмедиа және білім беру мәселелері.
Конференцияның жұмыс тілдері:
қазақ, түрік, орыс және ағылшын тілдері.
Өтетін жері: орны:
Астана қ., Сәтбаев көшесі, 2, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Ғылыми кеңес залы (206-аудитория).
Толық ақпарат алу үшін:
Байланыс үшін тел.: +7 7013772011 (Тарас Андрейұлы)
Жұмыс тел.: +7 7172 35-301 Эл. пошта: Kafedra.pg@yandex.ru
Онлайн-формат: ZOOM сілтемесі: https://us06web.zoom.us/j/84141859008?pwd=1lShzGGKptsQlpIJ2sNeWzSlslaahB.1
Конференция идентификаторы: 841 4185 9008, Кіру коды: 763640
Конференцияға қатысуға шақырамыз!
