
2024 жылғы 4 сәуірде ЕҰУ-де «Тілдерді оқытудың инновациялық әдістері: теория мен тәжірибе үйлесімі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді

Құрметті әріптестер, жас ғалымдар мен білім алушылар!
Сіздерді 2026 жылдың 4 сәуірінде Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 30-жылдығына арналған «ТІЛДЕРДІ ОҚЫТУДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТӘСІЛДЕРІ: ТЕОРИЯ МЕН ПРАКТИКАНЫ ҰШТАСТЫРУ» атты II көктемгі халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға шақырамыз.
Конференцияның негізгі мақсаты:
Шетел тілдерін оқыту саласындағы озық тәжірибелермен бөлісіп, өзара мәдениетаралық қарым-қатынасты нығайтуға, цифрлық дәуірдегі шетел тілдерін оқытуға қатысты инновациялық технологияларды таратуға, халықаралық ғылыми-академиялық ынтымақтастықты кеңейтуге және білім алушылар мен жас ғалымдардың осы бағыттағы зерттеулерге белсенді қатысуын ынталандыруға бағытталған тиімді ғылыми-практикалық платформа қалыптастыру.
Конференцияның негізгі бағыттары:
- Кәсіби және пәнаралық бағыттағы шет тілдерін оқыту;
- Шетел тілдерін оқыту әдістемесіндегі инновациялық технологиялар;
- Көптілділік және өмір бойы білім беру жағдайындағы тілдік даярлық.
- Цифрлық технологиялар және жасанды интеллект негізіндегі тілдік білім беру
Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын
Қатысу форматы: онлайн
Zoom платформасы:
https://us06web.zoom.us/j/84201295028?pwd=aBfM05XOrHBaRgDHE8C4b0P7iOXPWq.1
Идентификатор: 842 0129 5028
Кіру коды: 494863
Маңызды күндер:
Мақалалар мен өтінімдерді жіберу: 31 наурыз
Мақалаларды іріктеу: 2 сәуір
Іріктеу нәтижелері туралы хабарландыру: 3 сәуір
Конференцияға қатысу үшін өтінімді сілтеме арқылы толтыру қажет: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSeSpCytxRAIIdcOEBhRYAoNSzWml-s6q16_5NCLBJIr_AuB1A/viewform?usp=publish-editor
Конференцияға қатысу және мақала жариялау жарнасы – 2500 теңге (бір мақала үшін).
Шетелдік авторлар үшін (бірлескен авторлықты есептемегенде) қатысу және мақала жариялау ТЕГІН.
Мақалалар үшін төлемді «Kaspi.kz» қосымшасы арқылы да жасауға болады.
Kaspi.kz → Төлемдер → Білім → Қосымша білім → Қаланы таңдаңыз (Астана) → Ұйымды таңдаңыз (Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті) → Төлем түрі (Конференциялар, УДК) → Факультет (Филология)
- Автордың толық аты-жөні
- Автордың ЖСН-і
- Түсініктеме (LCT conference 2026)
Мақала мен төлем түбіртегін kyzyrova888@mail.ru электронды поштасына жіберу қажет. Мақала мәтіні үлгі бойынша толтырылып, мақала файлы (бірінші) автордың тегімен аталуы тиіс (мысалы, Арманов_мақала; Арманов_түбіртек).
Конференция нәтижесі бойынша ISBN тіркелген электронды жинақ басылымға шығады. Конференция жинағына ұсынылған материалдардың мазмұнына авторлар жауапты. Ұйымдастыру комитеті материалдарды жариялау үшін іріктеу құқығын өзіне қалдырады.
Мақаланы рәсімдеуге қойылатын талаптар
1. Мақалалар қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде қабылданады.
2. Мақала көлемі MS Word редакторымен терілген 2000-5000 сөз, бет форматы
- А4, қаріп - Times New Roman, кегль - 14, жиектері барлық жағынан – 2 см, жоларалық интервал
- 1, шегініс – 1,25.
3. Мақаланың файлы автордың тегімен аталуы қажет. Бір автор (соның ішінде бірлескен авторлықта) екі мақала жариялай алмайды.
4. Мақаланың жоғарғы сол жақ бұрышында қою қаріппен ҒТАХР көрсетіледі (http://grnti.ru). Бір жолдан кейін орташа туралаумен кіші қою қаріппен ортада автордың (авторлардың) аты-жөні мен тегі жазылады, төменде курсивпен – жұмыс (оқу) орны, қала, ел. Екі интервалдан кейін мақаланың атауы бас әріппен, қою қаріппен, ортасында, нүктесіз жазылады.
5. Бір интервалдан кейін мақала мәтіні орналастырылады. Мақала IMRAD құрылымы бойынша құрылады: кіріспе, зерттеу әдістері, нәтижелер/талқылау, қорытынды.
6. Мақаланың рәсімделуі ГОСТ стиліне (мақала мәтініндегі және әдебиеттер тізіміндегі жұмыстар) сәйкес болу қажет.
Ескерту: Талаптарға сәйкес рәсімделмеген мақалалар басылымға қабылданбайды.
