
ЕҰУ студенттеріне One Idea University бағдарламасы таныстырылды

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде карьера және бизнес-әріптестік бөлімінің ұйымдастыруымен Coca-Cola Icecek Kazakhstan (CCI) компаниясының өкілдері мен университет білім алушыларының кездесуі өтті. Іс-шараның басты мақсаты – студенттерге One Idea University бағдарламасын таныстыру, студенттердің инновациялық идеяларын қолдау және бос жұмыс орындары туралы ақпарат беру.
One Idea University бағдарламасы студенттердің өз идеяларын нақты жобаларға айналдыруға мүмкіндік беруге бағытталған. Егер студенттің перспективалы идеясы болса, CCI оны жүзеге асыруға қолдау көрсетеді. Бағдарлама аясында қатысушыларға практикалық тәжірибе, білім мен менторлық қолдау ұсынылады. Сонымен қатар алғашқы үш орын иегеріне ақшалай сыйлықтар табысталып, бірінші орын алған жеңімпаздарға Стамбул қаласына сапарға жолдама беріледі.
«ЕҰУ-да осындай іс-шаралардың ұйымдастырылуы студенттерге жаңа мүмкіндіктерге жол ашып, өз дағдыларын дамытуға және жобаларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Өткен жылы мен осы байқауға қатысып, финалға өткен үздік бес қатысушының қатарына ендім. Техникалық мамандықта білім алатын студент ретінде бұл тақырып маған өте қызықты болды. Мен байқауда VR-тренажерлар жобасын ұсындым», – деді ЕҰУ Жаратылыстану ғылымдары институтының «Жануарлар биотехнологиясы және биоинформатика» білім беру бағдарламасының 4-курс студенті Айым Құсаинова.
Шара соңында студенттермен сұрақ-жауап сесиясы өтті.
