
Профессор ЕҰУ Рахметқажы Берсімбай елордалық лицей оқушыларына атаулы стипендиялар табыс етті

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицей қабырғасында ҚР ҰҒА академигі, биология ғылымдарының докторы, Еуразия ұлттық университетінің профессорымен Рахметқажы Берсімбаймен «Ғылымдағы табыс: еңбек, ізденіс және табандылық» тақырыбында дәстүрлі кездесу өтті. Іс-шара ғылым мен заманауи зерттеулерге қызығушылық танытатын оқушылар мен ғалымдар арасындағы ашық диалог алаңына айналды.
Кездесудің арнайы қонағы ретінде Мартин Шниттлер қатысты. Сонымен қатар іс-шараға Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті профессорлары Р. Татаева, Ж. Мұқатаева, Н. Шапекова, доценттер Ж. Базарбаева, Г. Токсобаева, Г. Нұрмұхамбетова, Г. Айнағұлова қатысты. Қонақтар оқушылардың ғылыми жобалар көрмесімен танысып, олардың зерттеушілік әлеуетіне жоғары баға берді.
Кездесу барысында мектеп директоры Қияқбай Нұрила Бақтиярқызы алғысөз сөйлеп, Рахметқажы Берсімбай Іскендірұлы ғылым мен білім саласына қосқан зор үлесі үшін ризашылығын жеткізді. Оқушылар биология және медицина ғылымдарына қатысты көкейкесті сұрақтарын қойып, еркін сұхбат алаңында ғалыммен пікір алмасты. Кездесу соңында жаратылыстану бағыты бойынша үздік нәтиже көрсеткен оқушылар ғалымның арнайы стипендиясымен марапатталды.
Іс-шараның екінші бөлімінде профессор Неля Шапекованың ұйымдастыруымен «Таза Қазақстан» жалпы ұлттық бастамасы аясында емен ағашының ақжелкендерін отырғызу рәсімі өткізілді.
Кездесу соңында мектептің талантты оқушылары Нұрхан Нұржанұлы мен Дауренбек Дильдабек әсем әндерін орындап, мерекелік кештің көркін аша түсті.
