
ЕҰУ қызметкерлерінің еңбегі лайықты бағаланды

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың 30 жылдық мерейтойы аясында университет қызметкерлері көп жылғы адал еңбегі мен ел дамуына қосқан үлесі үшін ведомстволық және өзге де марапаттарға ие болды.
Марапаттау рәсімі Басқарма төрағасы – ректор Ерлан Сыдықовтың қатысуымен кеңейтілген Ғылыми кеңес отырысы барысында өтті. Ректор университет ұжымын жоғары жетістіктерімен құттықтай отырып, ЕҰУ-дың табыстары әрбір қызметкердің кәсібилігі, өз ісіне адалдығы және қосқан үлесінің арқасында мүмкін болғанын ерекше жеткізді.
«Еңбек ардагері» медалімен марапатталғандар:
Нұрила Шаймердинова, түркология кафедрасының профессоры;
Жансұлу Инкарова, физикалық және экономикалық география кафедрасының қауымдастырылған профессоры (доценті);
Гүлбаршын Байгунисовa, шетел тілдерінің теориясы мен практикасы кафедрасының қауымдастырылған профессоры (доценті);
Тлеугайша Оспанова, ақпараттық жүйелер кафедрасының қауымдастырылған профессоры (доценті);
Сания Токсанова, орыс филологиясы кафедрасының аға оқытушысы;
Камарияш Калкеева, педагогика кафедрасының қауымдастырылған профессоры (доценті);
Venera Balgabayeva, Associate Professor of the Department of Tourism.
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Еңбек ардагері» медалімен марапатталғандар:
Сара Садықова, сәулет кафедрасының доценті;
Ағжайық Турашев, құрылыс кафедрасының доценті;
Марал Амалбекова, аударма теориясы мен практикасы кафедрасының доценті;
Оңайгүл Тұржан, медиакоммуникациялар және қоғамдық байланыстар кафедрасының профессоры;
Бибихадиша Абжаппарова, шығыстану кафедрасының доценті.
«Кәсіподақ ардагері» медалімен марапатталғандар:
Баймахан Нұрмаханов, дизайн және инженерлік графика кафедрасының профессоры;
Асқар Байарыстан, жоғары математика кафедрасының профессоры.
«Ана тілін дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталғандар:
Серік Негимов, қазақ әдебиеті кафедрасының профессоры;
Марал Сағындық, геодезия және картография кафедрасының қауымдастырылған профессоры (доценті);
Әбдікәрім Қаражанов, көлік инженериясы кафедрасының доценті;
Алмат Нұрадинов, психология кафедрасының міндетін атқарушы доценті;
Шынар Сәлікжанова, филология факультетінің аға оқытушысы;
Баян Әбдуова, практикалық қазақ тілі кафедрасының аға оқытушысы;
Сандуғаш Байсарина, педагогика кафедрасының аға оқытушысы;
Қуандық Құлманов, практикалық қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі;
Жамбыл Тілеп, әлеуметтік және азаматтық даму департаментінің директоры.
Қазақстан Республикасы прокуратура органдары ардагерлері қоғамдық бірлестіктері республикалық одағының «Заңдылықты нығайтуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен заң факультетінің профессоры Марат Сәрсенбаев марапатталды.
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісіне ақпараттық жүйелер кафедрасының аға оқытушысы Мансия Қантөреева ие болды.
Қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасының меңгерушісі Алуа Мұратова Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің «Сот жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісінің иегері атанды.
Қазақстан Республикасы салалық кәсіподақ қызметкерлерінің «Ерекше еңбегі үшін» алтын төсбелгісімен стандарттау, сертификаттау және метрология кафедрасының қауымдастырылған профессоры Ерболат Абсеитов марапатталды.
Күміс төсбелгімен марапатталғандар («Қазақстан Республикасы Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы алдындағы еңбегі үшін»):
Назира Көбетаева, жаратылыстану ғылымдары институтының қауымдастырылған профессоры;
Баян Смағамбет, әлеуметтану кафедрасының қауымдастырылған профессоры;
Ольга Лашкарева, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімінің басшысы;
Гүлнар Тұрсынбекова, білім беру бағдарламалары секторының бас маманы;
Әсел Шаяндина, ғылыми кітапхана бөлімінің басшысы;
Айгүл Ахметова, ғылыми кітапхана бөлімінің басшысы;
Орал Кілібаева, кәсіби тәжірибені жоспарлау және ұйымдастыру секторының сарапшысы.
«Туризм саласының үздігі» төсбелгісін туризм кафедрасының доценті Алтынбек Жақыпов иеленді.«Құрметті жерге орналастырушы» төсбелгісімен геодезия және картография кафедрасының меңгерушісі Нұржан Тұрсынбаев марапатталды.«Қазақстан патриоты» төсбелгісін «Желтоқсан» қоғамдық бірлестігі ұйымынан физикалық мәдениет және спорт кафедрасының доценті Халық Қожахмет иеленді.
«Лев Гумилев» медалі Конфуций институтының директоры Ян Лэйге табысталды.
Құттықтаймыз!
