
Нұриля Қасымбекова ЕҰУ Білім жоғары мектебінің директоры болып тағайындалды

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықовтың бұйрығымен Нұриля Қасымбекова ЕҰУ Білім жоғары мектебінің директоры қызметіне тағайындалды.
Нұриля Қасымбекова – педагогика ғылымдарының кандидаты, педагогика магистрі. Ол Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Шетел тілдері» мамандығы бойынша, сондай-ақ Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін тәмамдаған.
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Нұриля Қасымбекова 2019 жылдан бері еңбек етіп келеді. Осы уақыт аралығында ол Филология факультетінің Шетел тілдері кафедрасының доцентінен бастап, университетте бірқатар басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.
Әр жылдары Филология факультетінің ғылыми жұмыстар жөніндегі декан орынбасары, Ғылыми басылымдар және наукометриялық ресурстар басқармасының басшысы, Академиялық мәселелер жөніндегі департаменті директорының орынбасары қызметтерінде болды.
Жаңа тағайындауға дейін Нұриля Қасымбекова Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Білім жоғары мектебінің Шетел тілдері теориясы мен тәжірибесі кафедрасында аға оқытушы болып қызмет атқарды.
Нұриля Қасымбекова – Erasmus бағдарламасының грант иегері.
