
ЕҰУ қызметкерлері жоғары марапаттарға ие болды

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов университеттің бірқатар қызметкеріне кәсіби еңбегі мен түрлі салалардың дамуына қосқан үлесі үшін құрметті марапаттарды табыстады.
Заң факультетінің деканы Бауыржан Сматлаев «Сот жүйесінің дамуына қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталды.
Менеджмент кафедрасының профессоры Бауыржан Толысбаев «Еңбек ардагері» медаліне ие болды.
«Ана тілін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен «Еуразия университеті» журналының бас редакторы Кенжегали Жұмағұлов, Жоғары математика кафедрасының профессоры Бақыт Нұрбеков және Практикалық қазақ тілі кафедрасының доценті (қауымдастырылған профессоры) Қаракөз Тілеш марапатталды.
Сәулет-құрылыс факультетінің деканы Ерлан Сабитов «Құрметті сәулетші» төсбелгісіне ие болды.
Айтулы марапаттар университет қызметкерлерінің кәсіби жетістіктері мен білім, ғылым және университеттің дамуына қосқан елеулі үлесінің лайықты бағасы болды.
