
ЕҰУ қызметкерлері Германиядағы сапаны қамтамасыз ету жүйесімен танысады

14-19 қыркүйек аралығында университет қызметкерлері Германияның Дюссельдорф қаласында ASIIN ұйымдастырған «Халықаралық сапаны қамтамасыз ету жүйелері» біліктілікті арттыру бағдарламасы бойынша офлайн оқудан өтуде.
Бағдарлама жоғары білім сапасын қамтамасыз ету жүйесін жетілдіруге, сапа мәдениетін дамытуға және білім беру бағдарламаларын аккредиттеудің халықаралық тәжірибесін зерделеуге бағытталған.
Қатысушылар Қазақстан мен ЕҰУ-дегі сапа жүйесін дамытудың перспективаларын талқылап, ASIIN аккредиттеу критерийлерімен және оларды практикалық қолдану тәсілдерімен танысты.
Кафедра өкілдері білім беру бағдарламаларын таныстырып, олардың одан әрі дамуын бағалау үшін SWOT-талдау құралдарын меңгерді.
Оқыту аясында ЕҰУ қызметкерлері Бохум қаласындағы Георг Агрикола қолданбалы ғылымдар техникалық университетіне (THGA) барып, сапаны қамтамасыз ету жүйесімен, білім беру үдерісімен және нәтижелерді бағалау тәсілдерімен танысты.
Сонымен қатар, делегация THGA инфрақұрылымымен, Геотехнологиялар зертханасымен танысты, ал бағдарламаның келесі кезеңінде Клеве қаласындағы Рейн-Ваал қолданбалы ғылымдар университетіне (HSRW) сапар жоспарланған.
