![Loading...](/_nuxt/light-blue.e889c4fb.gif)
ЕҰУ ғалымдарына коммерцияландыру жобаларын гранттық қаржыландыруға арналған конкурсқа қатысу шарттары туралы айтылды
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің инновацияларды дамыту департаменті Ғылым қорының өкілдерімен кездесу өткізді, онда ЕҰУ ғалымдарының 2023-2025 жылдарға арналған ҒҒТҚН коммерцияландырудың неғұрлым перспективалы жобаларын гранттық қаржыландыруға арналған конкурсқа қатысу мәселелері талқыланды.
Ғылым қорының басқарушы директоры Манат Келдібеков конкурстық құжаттаманы беруге және коммерцияландыру жөніндегі конкурсқа қатысу үшін өтінімді дайындауға қатысты түсініктеме берді.
Іс-шараға факультет декандары, деканның ғылым жөніндегі орынбасарлары, кафедра меңгерушілері мен ЕҰУ ғалымдары қатысты. Байқауға қатысуға дайын жас ғалымдар ерекше қызығушылық танытты. Кездесу барысында қатысушылар Ғылым қорының өкілдеріне конкурсқа қатысуға байланысты өздерін қызықтырған барлық сұрақтарын қоя алды.
Іс-шараны қорытындылай келе, Инновацияларды дамыту департаментінің директоры Асель Джексембаева өткізілген сындарлы кездесу үшін қор өкілдеріне алғысын білдірді, сондай-ақ ЕҰУ-дың барлық профессор-оқытушылар құрамына Ғылым қорының коммерцияландыру жөніндегі конкурсында табыс тіледі.