
«Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КеАҚ колледжі 2023-2024 оқу жылына талапкерлерді қабылдауды 2023 жылғы 20 маусым мен 18 тамыз аралығында келесі мамандықтар бойынша жүзеге асырады
«Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КеАҚ колледжі 2023-2024 оқу жылына талапкерлерді қабылдауды 2023 жылғы 20 маусым мен 18 тамыз аралығында келесі мамандықтар бойынша жүзеге асырады:
9 СЫНЫП НЕГІЗІНДЕ
ЖҰМЫС БІЛІКТІЛІГІ БОЙЫНША мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша, ӘҢГІМЕЛЕСУ НӘТИЖЕЛЕРІ БОЙЫНША:
Мамандығы: «Бағдарламалық қамтамасыз ету»
- Біліктілігі: Web-дизайнер - 65 грант (орыс - 25 / қаз - 40), оқу мерзімі - 2ж. 10 ай
Мамандығы: «Есептеу техникасы және ақпараттық желілер»
- Біліктілігі: Компьютерлік және аппараттық қамтамасыз ету операторы - 50 грант. (орыс-25/қаз-25), оқу мерзімі-2ж. 10 ай
Мемлекеттік білім беру тапсырысына КОНКУРСТЫҚ НЕГІЗДЕ:
Мамандығы: «Бағдарламалық қамтамасыз ету»
- Біліктілігі: Бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеуші - 320 грант (орыс - 160 / қаз - 160), оқу мерзімі - 3ж. 10 ай
- Біліктілігі: Ақпараттық жүйелер технигі - 225 грант (орыс - 100 / қаз - 125), оқу мерзімі - 2ж. 10 ай
Мамандығы: «Маркетинг»
- Біліктілігі: Маркетолог - 125 грант (орыс - 75 / қаз-50), оқу мерзімі - 2ж. 10 ай
Мамандығы: «Туризм»
- Біліктілігі: Туризм бойынша менеджер - 175 грант (орыс - 100 / қаз - 75), оқу мерзімі - 2ж. 10 ай
Мамандығы: «Есеп және аудит»
- Біліктілігі: Бухгалтер - 65 грант (орыс - 25 / қаз - 40), оқу мерзімі - 2ж.10 ай.
11 СЫНЫП НЕГІЗІНДЕ
Мемлекеттік білім беру тапсырысына КОНКУРСТЫҚ НЕГІЗДЕ:
Мамандығы: «Бағдарламалық қамтамасыз ету»
- Біліктілігі: Ақпараттық жүйелер технигі - 25 грант (қаз - 25), оқу мерзімі-1ж. 10 ай
Оқу ақысы-375 000 тт.
Колледж материалдық-техникалық базамен жабдықталған. Басқа аймақтардан келетін студенттерге жатақхана беріледі.
Астана қ., И. Есенберлин к-сі, 25., Байланыс телефондары: 8 (7172) 497296,
+7 708 526 7882, +7 747 018 5157.
