
Студенттер үйі
Студенттік және қызметтік тұрғын үй департаментінде жоғары білікті кәсіби мамандар жұмыс істейді. Департамент студенттермен, олардың ата-аналарымен және деканаттармен әрдайым тығыз қарым-қатынаста қызмет атқарады, Дирекция өзінің барлық күш-жігерін студенттердің білім алуын неғұрлым нәтижелі және табысты етуге бағыттаған.
Тәрбиелеу процесінде рухани-адамгершілік мәдениетті кешенді жоспарлау, эстетикалық тұрғыдан дамыту және салауатты өмір салтын қолдау жүйесі қалыптасқан.
Педагогтар-ұйымдастырушылар әрдайым тренингтер өткізеді және студенттермен профилактикалық кеңес жұмыстарын жүргізеді. Іс-шараларды және басқа да ұйымдастыру мәселесіне қатысты жұмыстарды атқаруға студенттер кеңесінің белсенділері жәрдемдеседі және қолдау көрсетеді. Студенттер ізгі істермен қоса пайдалы жұмыс атқара отырып, өздері тұратын Студенттер үйінің өміріне белсенді араласады.
«Студенттік және қызметтік тұрғын үй департаменті» негізгі міндеттері мыналар:
- Болашақ мамандардың, Қазақстан Республикасы азаматтарының белсенді шығармашылық тұрғыда жоғары адамгершілік, дене тәрбиесі, зияткерлік, эстетикалық жағынан дамуын қамтамасыз ететін қажетті тұрмыстық жағдай жасау;
- Студенттер үйінде тұратын ЕҰУ студенттерін рухани құндылықтарды бағалауға тәрбиелеу, азаматтық сана-сезім нормаларын ұстанатын, шығармашыл, мәдениетті тұлға етіп қалыптастыру;
- Студенттерді салауатты өмір салты ережелерін білуге баулу, студенттер үйлерінде тұратын студенттерге жоғары этикалық көзқарас қалыптастыру;
- Департамент басшылығы негізгі коммуникативтік ережеден – студенттер үйінде тұрып жатқан барлық студенттерге мейірбандықпен қараудан туындайтын өзінің алдына қойылған міндеттерді жүзеге асырады.
- Міндеттерді орындау мыналарға негізделеді:
- Тәрбие процесін жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау;
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде 8 студенттер үйі жұмыс істейді. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген университет студенттерінің жартысынан көбі студенттер үйлерінде тұрады, сондықтан студенттердің тұруы және оқуы үшін барлық тиісті жағдайдың жасалуы біз үшін аса маңызды.
№2 Студенттер үйі мына мекен-жайда орналасқан: Абылай хан даңғылы, 2
Студенттер үйі «А» және «Б» блоктарынан тұрады, әрбіреуі секциялы 183 бөлмеден тұрады. Әр бөлмеде 3 және 4 адамнан тұрады.
№3 Студенттер үйі мына мекен-жайда орналасқан: М. Жұмабаев даңғылы, 12/1
Әр қабатта тұрмыстық бөлмелер мен душ бөлмелері бар. Әр бөлмеде 3 немесе 4 студент тұрады.
Студенттер үйінде 400-ден астам студент тұрады.
№4 және №5 Студенттер үйі мына мекен-жайларда орналасқан: М. Жұмабаев даңғылы 14 және 14/1.
Студенттер үйі тоғыз қабатты ғимарат, ғимараттарда жеделсаты жұмыс істейді. Бөлмелер дәліз тұрпатында орналасқан, ол жерде 4 және 6 адамнан тұрады. Әрбір бөлмеде жуынатын жер, кіреберіс және ас үй бөлмелері бар, электр плиталары жабдықталған. №5 СҮ-де 220 орынға арналған жаңа үлгідегі кинотеатр жұмыс істейді.
№6 Студенттер үйі мына мекен-жайда орналасқан: А. Янушкевич көшесі, 4/1 үй.
СҮ бес қабатты ғимарат. Бөлмелер дәліз тұрпатында орналасқан, ол жерде 4 және 6 адамнан тұрады. Әрбір бөлмеде жуынатын, кіреберіс бөлмелері бар. Ас үй бөлмелері электр плиталарымен жабдықталған.
№7 Студенттер үйі мына мекен-жайда орналасқан: А. Пушкин көшесі, 11/2
СҮ тоғыз қабатты ғимарат, ғимараттарда жеделсаты жұмыс істейді. Бөлмелер дәліз тұрпатында орналасқан, ол жерде 3 және 4 адамнан тұрады. Әрбір бөлмеде жуынатын жер, кіреберіс және ас үй бөлмелері бар, электр плиталары, кір жуатын машиналармен жабдықталған.
№8 Студенттер үйі мына мекен-жайда орналасқан: И. Құтпанов көшесі, 24А
Әр қабатта тұрмыстық бөлмелер мен душ бөлмелері бар. Әр бөлмеде 3 немесе 4 студент тұрады.
Студенттер үйінде 250-ден астам студент тұрады.
Директор: 8 (7172) 70 95 68
Директордың қабылдау бөлімі: 8 (7172) 70 95 00 ішкі номер: 39-115;
Ұялы телефон: 8 708 425 17 00
Директордың орынбасары: 8 (7172) 70 95 00 ішкі номер: 39-114
Білім алушыларды Студенттер үйіне бөлу және орналастыру тәртібі туралы Ереже
2025-2026 ОҚУ ЖЫЛЫНА СТУДЕНТТЕРДІ СҮ-не ОРНАЛАСТЫРУ КЕСТЕСІ
2025-2026 ОҚУ ЖЫЛЫНА БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫ СТУДЕНТТЕР ҮЙЛЕРІНЕ ОРНАЛАСТЫРУ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
Студенттер үйіне орналасу үшін керекті құжаттар
